Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру 13 жұмыс күні ішінде ұсынылатын болады

23.10.2019

Бұл жаңалықты «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы  № 530 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына енгізу ұсынылуда.

Тұтас алғанда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тек электрондық форматта беру бөлігінде, сондай-ақ  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 25 жұмыс күнінен 13 жұмыс күніне дейін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізу қарастырылған.

Бұл жаңалық «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі  № 726  қаулысының 626-тармағында көрсетілген, онда «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі электрондық нысанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Қаулы жобасын қабылдау нәтижесі әлеуметтік–экономикалық және құқықтық келеңсіздіктерге әкелмейді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат шығындарын  қажет етпейді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі