Министрліктің, сондай-ақ ведомствоға бағынысты және салалық ұйымдардың12 мыңға жуық қызметкері бір мезгілде барлық облыс және аудан орталықтары, мегаполистер мен шағын қалалардағы өзен-көл жағалауларын, саябақ аумақтарын  тазартуға атсалысты.

"Байқоңыр" кешені бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, "Бәйтерек" бірлескен ғарыш жобасын іске асыру және Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын дамыту. Міне, осылар қазақстан-ресей үкіметаралық комиссиясының VI отырысының өзекті тақырыптары болды. Бұл шарада қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек басқарды.

Development Day - мемлекеттік қызметшілерді стандартты емес форматта оқытудың жаңа тәсілі. Аталған әдіс бойынша оқытуды апта сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Шалғай ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жоба "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Телекоммуникация операторлары мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шартқа 2018 жылдың қазан айында қол қойған еді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Нұрғожин, Асхат Оразбек, Абылайхан Оспанов, Дарын Тұяқов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрлері болып тағайындалды.

Кеңес барысында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басшылығы 2019 жылдың алғашқы жартыжылында атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берді.

Беттер