5 жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 28 сәуірінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «KazSat-3» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «KazSat-3» ғарыш құрылғысы Байқоңырдың № 81 алаңынан «Луч-5В» ғарыш аппаратымен, «Бриз-М» үдеткіш блогымен және «Протон-М» зымыран-тасығышымен ұшырылған еді.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басшылығымен өткізген жиынында мемлекеттік корпорацияның 2019 жылдың алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

Осыдан 5 жыл бұрын, 2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Гвиана, Франция) KazEOSat-1 алғашқы қазақстандық жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) серігі ғарышқа ұшырылды. ЖҚЗ аппараты ғарыштағы 3-ші тәулігінде Қазақстанның алғашқы тестілік суреттерін жібере бастады.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев  Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесу өткізді.

Бүгін сағат 15:00-де "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК " АҚ-да Аэроғарыш комитеті төрағасының Кубогына арналған үстел теннисі турнирі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясы Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, ғарыш кеңістігіне адамның алғашқы ұшуының 58 жылдығы құрметіне А.Е. Карповтың коллекциясынан ғарыш маркаларының көрмесін, сондай-ақ А.А. Леоновтың картиналарының репродукцияларын өткізді.

Беттер