ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті 2019 жылы 010-102 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың салалық міндеттерін шешу үшін ғарыштық суреттер мен ғарыш мониторингін ұсыну бойынша қызметтер көрсетті.

Қазкенов Алан Аманжолұлы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы болып Марат Нұрғожин тағайындалды.

Бүгін, 8 қаңтарда, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Батырқожа Азамат Байқуанышұлы жаңа басшыны ұжыммен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Батырқожа Азамат Байқуанышұлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бүгін, 2019 жылғы 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 03 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 81 алаңынан «Электро-Л» ғарыш аппаратымен «Протон-М» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды. Ұшырылым штаттық режимде өтті.

Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 15:34:11-де «Прогресс МС-13» көліктік жүк кемесімен «Союз-2.1а» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды.

Ұшырылым Байқоңыр ғарыш айлағының № 31 алаңынан жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Беттер