«Ғарыш қызметі» ТК 66 Техникалық комитеті туралы

«Ғарыш қызметі» ТК 66 Техникалық комитеті туралы

Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметі.  

Географиялық орналасуының ерекшелігі, Қазақстанның ресурстары және әлеуметтік-экономикалық объектілерін орналастыру, ұлттық экономика дамуының үрдісі мемлекет қауіпсіздігі мен экономика саласының мүдделерінде ғарыш технологиялары мен техникасын пайдалануды өзекті етеді.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы – ҮИИД МБ, осындай ірі масштабты міндетті шешу мақсатында таяу жылдарға ғарыш қызметі саласындағы Қазақстанның басты міндеті – ғылыми ауқымды және ұлттық экономиканың жоғары технологиялық секторы ретінде, толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру қалыптастырылған. 

ТК 66 қызметінің негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметінің техникалық реттеу саласындағы міндеттерді шешу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бастамасымен оның негізінде ҚР Мемстандарт төрағасының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 692 бұйрығымен «Ғарыш қызметі» ТК 66 стандарттау жөніндегі техникалық комитеті – консультативтік-кеңестік органы құрылған.

ТК 66 қызметінің негізгі бағыттары:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар жобаларын және басқа да стандарттау жөніндегі құжаттарды  әзірлеу, қарау, келісу және бекітуге дайындау. 

2. Халықаралық, өңірлік және шетелдік мемлекеттердің ұлттық стандарттар талаптарымен стандарттау жөніндегі Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құжаттарды үйлестіру және ұсыныстарды дайындау. 

3. Ғарыш қызметі саласындағы стандарттау мәселелері бойынша мамандарды оқытуды ұйымдастыру.

4. Ғарыш қызметі саласындағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттар қорын құруға қатысу болып табылады.

Қазақстанда ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу жүйесін құру маңызды ерекшелікке ие – ол ғарыш қызметі саласындағы Қазақстанның алғашқы қадамдарымен және республикада ғарыш саласының өзін құрумен бір уақытта құрылады.

Өз қызметі кезеңінде ғарыш қызметінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар базасын дамыту мақсатында ТК 66 мынадай іс-шаралар орындалды.

Халықаралық стандарттау және ынтымақтастық саласында:

1. Париж қ. (Франция) «Авиация және ғарыш аппараттары» ИСО/ТК 20 халықаралық техникалық комитетінің 44-ші пленарлық отырысы жұмысына ТК 66 төрағасы қатысты, мұнда 2010 жылға ИСО/ТК 20 ішкі комитеттер қызметі туралы есептер қаралған болатын. Отырыстың мақсаты: Техникалық комитеттің стратегиялық міндеттерін анықтау, сондай-ақ 2009 жылғы қазанда Берлин қ. өткен     43-ші пленарлық отырыс шеңберінде әзірленген бизнес жоспар жобасын талқылау және мақұлдау.   

2. ССSDS Ғарыштық деректер жүйесі бойынша консультативтік комитет құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – Қазғарыш) және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «ҚҒС» ҰК» АҚ) кіруі бойынша жұмыстар жүргізілген. Майк Керни ССSDS Бас хатшысымен іскери байланыс орнатылған. Нәтижесінде, Қазғарыш қадағалаушы-агенттік ретінде, ал «ҚҒС» ҰК» АҚ ССSDS ассоцирленген мүшесі ретінде қабылданған.  

3. Стандарттау бойынша проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында және ғарыш қызметінің техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес «Ғарыш қызметі» ТК 66 және Украинаның «Зымыран және зымыран-ғарыш техникасы» ТК 117 ұлттық техникалық комитеттер арасында әріптестік қарым-қатынас орнаған.

Мемлекеттік стандарттау саласында.

Алғаш рет деректер және ақпарат берудің ғарыштық жүйелері, старттық зымыран-ғарыш кешендері саласында, сондай-ақ ғарыштық зерттеулер саласында                   25 мемлекеттік стандарт әзірленген және бекітілген. Әзірленген жобалар Қазақстан Республикасының ғарыш қызметімен айналысатын кәсіпорындары үшін өзекті және пайдалы болып табылатынын атап өткіміз келеді.   

2011-2013 жылдарға арналған ТК 66 ғарыш жүйелерін жобалау, құрылыс, старттық зымыран-ғарыш кешендері мен терминология саласында 40 мемлекеттік стандарт жобаларын әзірлеу жоспарланған.

ИСО/ТК 20 жұмысына ТК 66 қатысуы.

Қазақстан Республикасы ТК 66 тұлғасы ретінде «Авиация және ғарыш аппараттары» ИСО/ТК 20 толық құқылы мүшесі болып табылады және мына кіші комитеттер жұмысына қатысады:

«Аэроғарыштық электр жүйелеріне қойылатын талаптар» ПК 1;

«Аэроғарыштық тіреу жүйелері» ПК 4;

«Стандарттық/физикалық атмосфера» ПК 6;

«Авиағарыштық терминология» ПК 8;

«Авиағарыштық гидравликалық жүйелер және құрауыштар» ПК 10;

«Ғарыш жүйелерінің деректері мен ақпараттарын беру жүйелері» ПК 13;

«Ғарыш жүйелері және оларды пайдалану» ПК 14.

Категория материал: 
09.02.2016