Инфографика

Құжаттар: 
Электрондық қызмет және оны көрсету тәртібі туралы
ақпарат
 
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметті тұтынушыға Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің таңдалған түрімен айналысу үшін лицензиялар алуға, сондай-ақ қолданыстағы лицензиялардың қосымшасын алуға өтінішті электрондық берудің мүмкіншілігі берілген.
Ол үшін өтініш білдірушіге электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу және порталда www.elicense.kz – тіркелу қажет (лицензияларды алудың рәсімімен аса нақты пайдаланушының басшылыққа алуында танысуға болады).
Жүйеде жұмыс жасауға барлық сұрақтар бойынша «электрондық үкімет» Call-орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Қазақстан бойынша қоңырау тегін.
1 қадам. ЭЦҚ алу
Қазіргі уақытта электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) құралдарын алу екі тәсілмен болады, бірінші сіз өздігіңізден өзіңіз www.pki.gov.kz сайтында ЭЦҚ шығаруға тапсырысты онлайн режимінде немесе электрондық үкімет порталында egov.kz. бересіз. Екінші жағдайда сіз Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан Ұлттық куәландырушы орталығының Тіркеу орталығына жолыға аласыз (тіркеу орталықтарының мекенжайы www.pki.gov.kz сайтында келтірілген). Оператор сізге ЭЦҚ құралдарын шығарып береді және ақпаратты алынып-салынатын тасығышқа жазып береді.
2 қадам. «Е-лицензиялау» порталында тіркелу
Пайдаланушының компьютерінде ЭЦҚ алғаннан және орнатқаннан кейін,
«Е-лицензиялау» порталының басты бетінен тіркеу сілтемесіне өту қажет.
Нәтижесінде тиісті ЭЦҚ таңдау қажет Пайдаланушыны сәйкестендіру сұранысының диалог терезесі ашылады (егер пайдаланушының компьютерінде бірнеше ЭЦҚ орнатылған жағдайда) және ОК басыңыз.
Осыдан кейін пайдаланушының тіркеу (жеке) деректерін толтыру үшін форма көрінеді. Кейбір деректер автоматты түрде ЭЦҚ (сертификат) деректерінен тартылады, кейбірін қолмен толтыру қажет және ОК басыңыз.
Порталда авторизациялау үшін, Кіру сілтемесі бойынша өту қажет, сонан соң тіркеген кезде көрсетілген паролді енгізу қажет.
3 қадам. Лицензияларды алуға өтінішті беру
Қызмет түрін жүзеге асыруға өтінішті беру үшін порталдың басты бетінен саланы (Білім), лицензияланған қызмет түрін (Білім қызметі) таңдауыңыз қажет және батырмаға басыңыз .
1)         Келесі бетте анықтамалықтан мағынаны таңдау жолымен «Қызмет аумағы» алаңын толтыру және Әрі қарай батырмасына басу қажет.
2)         Келесі бетте жеке деректерді нақтылау қажет. Пайдаланушының профайлынан алаң толып кеткен. Қажетінше олар жойылуы және жаңа деректермен толтырылуы мүмкін. Толтыру рәсімінен кейін осы бетте Әрі қарай батырмасына басыңыз.
3)         Бұдан әрі құжаттарды бекіту бетіне пайдаланушыға жол көрсетіңіз. Құжатты бекіту үшін түйреуіш түріндегі белгіге басу қажет. Нәтижесінде файлдарды жүктеу терезесі ашылады. «Файлдың атауы» алаңын толтырыңыз және Шолу батырмасына басу арқылы файлға және Жүктеу батырмасына жолды көрсетіңіз. Файлдарды жүктеу рәсіміне әрбір файл үшін бөлек жасау қажет. Файлдарды жүктегеннен кейін жүйеге құжаттарды бекіту рәсімін жасаңыз. Құжат атауының қарсысына түйреуіш түріндегі белгіге басыңыз. Файлдарды жүктеудің ашылған терезесінде біратаулы файлды табасыз және оған шертіңіз. Осы рәсімді барлық құжаттарды бекіту үшін жасау қажет. Сонан соң Әрі қарай батырмасына басыңыз.
Ескертпежүктелген файлдардың жалпы мөлшері 30 Мб. аспауы тиіс.
4)         Бұдан әрі «Төлем туралы ақпарат» беті ашылады. Талап етілетін алаңды қолмен немесе анықтамалардан мағынасымен толтырыңыз. Төлем түбіртегінің сканерленген көшірмесін бекітіңіз.
5)         МО-лицензиарға сәйкес бекітілген құжаттармен өтінішті жөнелту үшін, ЭЦҚ қол қою бетіндегі Қол қою және жөнелту батырмасына басыңыз.
Өтінішке қол қойғаннан және жөнелткеннен кейін, пайдаланушыға берілген өтінішті қарау мәртебесін қадағалау мүмкіндігі қолжетімді. Ол үшін Менің өтініштерімсалымына өту, және мәртебесін қарау қажет (мүмкін болатын мәртебелер – мемлекеттік органға жөнелтілді, жұмыс барысында, беру немесе беруден бас тарту шешімі қабылданды).
Ескертпе: санап шығару күні (30 жұмыс күні) жөнелту күні деп емес, МО кеңсесімен өтінішті тіркеу күні деп саналады.
4 қадам. Қолданыстағы лицензияларға қосымшаларды алу
Қосымшаны алуға өтінішті беру үшін «Менің рұқсат ету құжаттарым» порталының тарауына өту қажет (авторизациялағаннан кейін ғана қолжетімді), лицензияны таңдап және Рұқсат ету құжат туралы ақпаратта қосымшаларды қайта рәсімдеу сілтемесі бойынша шертесіз.
5 қадам. Лицензияларды алу (лицензияларға қосымшалар)
Өзіңіздің компьютеріңізде дайын электрондық құжатты келесі тәсілдердің бірімен сақтауға болады.
1) Рұқсат ету құжаттарының Іздестіру порталының тарауында Критерияларды, талаптарын және іздестіруде қамтылғанды таңдау қажет және Табубатырмасына шертіңіз (лицензияны оның нөмірі, лицензияны берген мемлекеттік органы, Т.А.Ә. немесе лицензиаттың деректемелері бойынша табуға болады).

2) Менің рұқсат ету құжаттарым тарауына өту.

Екі жағдайда әрбір жазбаға қарама қарсы Қарап шығу сілтемесімен лицензиялардың тізбесі (тізілімі) көрінеді. Оған шертіп, Сіз құжатты және барлық қосымшаларды шығарып алуға болатын Рұқсат ету құжаты туралы Ақпарат бетіне өтесіз (қарап шығу үшін ашу және компьютерде сақтау).
Категория материал: 
09.02.2016