Қазақстан ғарышкерлері

 
«Қазақстан ғарышкерлері» ақпараттық анықтамалығы Қазақстанның­ ғарыш қызметін­ насихаттау мақсатында шығарылып отыр.
Анықтамалыққа негізгі биографиялық деректер, сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтердің ғарышқа ұшуы жайлы толық де-ректер енгізілген. Материалдар ғарышкерлердің өз келісімімен және жеке редак-циялауымен әзірленді.
Анықтамалық мамандарға, студенттер мен мектеп оқушыла­рына және қазақстандық ғарышнама тарихына қызығатын барлық оқырман қауымға ар-налған.
 

 

© Нұрғалиева С.Қ., Қанғожин І.Б., дайынд., 2017

ISBN 978-601-302-634-3

© «Фолиант» баспасы, 2017

 

ҒАРЫШҚА ТҰҢҒЫШ ЖОЛ САЛУШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

1961 жылы 12 сәуірде Жер шарының алғашқы адамы – Кеңес Ода­ ғының ұшқышы Юрий Гагарин ғарышқа аттанды. Ғаламды­ бағындырудың ұшқыр да жеңісті ұмтылысы қазақ жерінен бастау алды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің ең алғашқы ғарышкері, ал Байқоңыр ғарыш айлағы ғарышкерліктің отанына айналды.
 
Елу бес жылдың ішінде адамзат баласының шамамен бес жүз елу шақтысы ғарышта болып қайтты.
Олардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батыр­ лары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтер де бар.
 
Әр ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар. Осы атаулы оқиға олардың өмірін ғарышқа ұшқанға «дейін» жә­ не «кейін» деп екіге бөлді. Бірақ бастысы, бұл ерекше адамдарды­, жалпы барлық ғарышкерлерді біріктіретін бір күш бар – ол орасан зор патриоттық сезім, Жер-Анаға деген сүйіспеншілік, жаһанның­ жер кіндігі Байқоңырға, оларды ғарышкер қылған қонақжай қазақ жеріне деген құрмет.
 
Осы үш қазақ ғарышкерінің ғарыштық тағдырының қалып­ тасуына­ себепкер болған қамқоршы адам бар. Оны Қазақстан ғарышына­ жол салушы деп атауға толық құқымыз бар. Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев пен А. Айымбетовтердің ғарыштық талпыныстарын тек қолдап қана қоймай, сонымен бірге олардың өз елінде ғарышқа самғауына жол ашты. Ол – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Кеңес Одағы басшылығының алдына қазақ ұлтының өкілін ғарышқа ұшырудың қажеттілігі туралы мәселені қоя білді. Алғашқы боп сапар шеккен қазақ ғарышкері – Кеңес Одағының батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы Тоқтар Әубәкіров еді. Бұл тарихи оқиға 1991 жылдың қазанында болды.
 
Егемендік алған Қазақстанның бірінші ғарышкері Талғат Мұса­ баев Н.Ә. Назарбаевтың қамқорлығының арқасында ғарышқа үш рет ұшты. Оның 1994 жылғы шілдедегі алғашқы сапарының алдын­ да, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бірлескен шешімімен оған Қазақстан Республикасының азаматы, Ресей Федерациясы­ ның әскери қызметшісі деген мәртебе берілді. Бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруі кезеңінде бұл арнайы көтерілген мәселе болатын.
 
Жоғарғы кәсіби тәжірибесі мен ұмтылысы Т. Мұсабаевқа халық­­ аралық ғарыш экипаждарының командирі ретінде ғарышқа тағы екі мәрте сапар жасауға мүмкіндік берді. Оның 1994, 1998 және 2001 жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақты­ ғы күнтізбелік бір жылға жуық уақытты құрады.
 
2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның үшінші ғарыш­ кері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Экономикалық дағдарыс қиындықтарына қарамастан, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ғарышқа кезекті Қазақстан азаматын ұшыру жөнінде шешім қа­ былдады.
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға сәйкес, «Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері» атағы ғарыштық ұшу бағдарламасын табысты жүзеге асырған, алдына қойған ғылыми-техникалық, зерттеу және тәжірибелік міндеттерін үлгілі орын­ даған азаматтарға беріледі.
 
1995 жылы 12 қаңтарда қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа мемлекеттің жоғары наградасы – «Қазақстан ғарышкері» атағы табыс етілді, олар №4 және №5 алтын жұлдызды иеленді.
 
2015 жылғы 14 қазанда Айдын Айымбетовке «Қазақстан Рес­ публикасының Халық Қаhарманы» №34 алтын жұлдызы табыста­ лып, «Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
 
 

ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Халық Қаhарманы Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Кеңес Одағының Батыры КСРО-ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері
Реттік нөмірі:
72-ші және соңғы кеңес ғарышкері («Летчики-космонавты СССР и РФ» жіктеуі бойынша)* Әлемнің 256-шы ғарышкері
Мәртебесі: бірінші қазақ ғарышкері
Ұшу саны: 1 рет
Ғарыштағы уақыты: 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд
Туған күні және жері:
1946 жылы 27 шілде, Қазақ КСР-інің Қарағанды облысы Қарғалы­ ауданы Бірінші май атындағы колхозы
Ұлты: қазақ
Білімі:
 
1969 жылы Армавир жоғары әскери Краснознаменный авиация­ лық ұшқыштар училищесін (ЖӘАҰУ) «әскери ұшқыш-инженер» біліктілігі бойынша ӘШҚҚ бітірген.
1976 жылы мамырда Авиациялық өнеркәсіп министрлігі нің­ (АӨМ) ҰЗИ сынақшы-ұшқыштар мектебін «3-санаттағы сынақшы-ұшқыш» біліктілігі бойынша аяқтаған.
1979 жылы С. Орджоникидзе атындағы Мәскеудегі Ленин ордені­ авиациялық институты (МАИ) Жуковский филиалының­ кешкі бөлімін «инженер-аэрогидромеханик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қараңыз: «100 героев кос­моса». – «Новости космонавтики» ақпараттық-баспа үйі, «РТСофт» баспасы, 2008 ж.
 
Еңбек өтілі және кәсіби қызметтері:
1962–1965 жылдары Теміртау қаласында құйма-механика зауытында токарь болды.
1969–1975 жылдары КСРО Әскери-әуе күштерінің ұшқышы, авиациялық звено командирі болды.
1975 жылы қаңтарда АӨМ ҰЗИ сынақшы-ұшқыштар мектебін түсуіне байланысты КСРО Қарулы Күштерінен запасқа жіберілді.
1976–1991 жылдары А. Микоян атындағы ТКБ сынақшы-ұшқышы болды. Жұмыс барысында, ұшақтың 50-ден астам түрін меңгер­ ді. 1988 жылы КСРО-да тұңғыш рет МиГ-31 жойғыш-ұшағымен әуеде­ 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюс ауданына ұшу сапарын орындады. 1989 жылы 1 қарашада КСРО-ның МиГ-29К ұшағының «Тбилиси» авиатасушы крейсеріне қонуын екінші болып жүзеге асырды (Су-27К-да Виктор Пугачевтан 40 минуттан кейін). Қонып, бір жарым сағаттан кейін КСРО-да бірінші болып авиатасығыш трамплинінен қайта ұшты.
 
Ұшқыштар отрядындағы қызметі:
Ұшқыштар отрядының ешқайсысында тіркелмеген.
Ғарыштық даярлығы:
 
1991 жылғы 21 қаңтардағы МВАК шешімімен қазақстандық ғарыш бағдарламасы бойынша ұшуға дайындалу үшін іріктелді.
Ұшуға дайындалудың жалпы мерзімі бес айды құрады.
1991 жылғы 20 мамыр мен 10 шілде аралығында Тоқтар Әубәкіров экспедицияның қазақстандық бағдарламасы бойынша, Валерий Корзун және Александр Александровпен бірге негізгі экипаждың зерттеуші-ұшқышы ретінде бару үшін, 1991 жылдың қарашасына белгіленген ұшу даярлығынан өтті.
1991 жылдың 10 шілдесінде тасымалдағыш зымырандар мен ғарыш кемелерінің жетіспеуіне байланысты, сондайақ үнемдеу мақсатында борт инженерінің орнына тағы бір зерттеуші-ғарышкер ретінде кеңестік-австриялық экипажға қазақ ғарышкерін қосу туралы шешім қабылданды.
1991 жылдың 17 шілдесінен бастап 13 қыркүйегіне дейін қазақстандық бағдарлама бойынша және «Аустромир-91» бағдарламасы бойынша негізгі экипаждың құрамындағы Александр Волков және Франц Фибектермен (Австрия) бірге бірінші зерттеуші-ғарышкер ретінде ұшуға дайындалды.
1991 жылы 13 қыркүйекте ұшуға тікелей дайындық пен жалпы­ ғарыштық дайындықты аяқтағаннан кейін, Ведомствоаралық біліктілік комиссиясының шешімімен Т. Әубәкіровке «сынақшы-ғарышкер» біліктілігі берілді.
 
Ғарышқа ұшуы:

Т. Әубәкіров «Мир» орбиталық кешеніне (ОК) барған экспедицияның­ зерттеуші-ғарышкері ретінде­ 1991 жылдың 2-10 қазанында­ ғарышқа ұшты. Александр Вол­ ков және Франц Фибектермен (Австрия) бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ұшырылды. «Мир» станциясында Анатолий Арцебарский және Сергей Крикалевпен бірге жұмыс істеді. Орбитада «Ғарыш-Қазақстан» бірінші қазақстандық ғарыш бағдарламасы бо­ йынша тәжірибелер жүргізді, оның іске асырылуы «Мир» орбиталық станциясындағы жұмыс аяқталғанға дейін жүргізілді. Осы аталған экипаж құрамында Т. Әубәкіров борт инженері ретінде дайын болмаған еді, КСРО ғарыш саласының басшылығы алдыңғы «Союз ТМ-12» экспедициясының борт инженері Сергей Крикалевті тағы жарты жылға орбитада қалдыруға шешім қабылдайды (осы жағдайларға байланысты С. Крикалевтің ұшуы жарты жылдың орнына бір жылға жуық уақытқа созылды және бұл сапар оның КСРО-дан ұшып, Ресейге оралуымен ерекшеленді, оның ғарышқа сапары барысында Кеңес Одағы ыдырады). Тоқтар Әубәкіров Анатолий Арцебарский және Франц Фибекпен (Австрия) бірге «Союз ТМ-12» ғарыш кемесімен қонды.
 
Фибек Ф Волков А. А. Аубакиров Т. О.
зерттеуші-ғарышкер командир зерттеуші-ғарышкер
 
Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секундты құрады.
 
Шақыру белгісі: «Донбасс-2» (ұшу кезінде), «Озон-2» (қону кезінде).
 
Кейінгі еңбек жолы:
1992 жылдың ақпанынан бастап – ҚР қорғанысы бойынша Мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары.
1993 жылдың сәуірінен бастап – ҚР Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры.
1994 жылдың мамырынан бастап – ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1996 жылдың мамырынан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2000 жылдың сәуірінен 2001 жылға дейін – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.
2004–2007 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасының Пар­ ламенті Мәжілісінің депутаты.
2009 жылдың қазанынан бастап – ҚР «Азат» БСДП төрағасының­ орынбасары.
2012 жылдың мамырынан бастап – ҚР «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ президентінің кеңесшісі.
 
Құрметті атақтары:
Кеңес Одағының Батыры (31.10.1988 ж.)
КСРО-ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы (06.11.1990 ж.) 
КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері (1991 ж.)
Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері (1995 ж.)
Қазақстан Республикасының «Халық Қаһарманы» (1995 ж.) 
Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясының құрметті академигі (1997 ж.)
Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясының құрметті профессоры (2006 ж.)
Н.Е. Жуковский атындағы инженерлік академиясының құрметті профессоры
Қарағанды облысы, Алматы, Шымкент және Қазақстанның өзге де қалаларының Құрметті азаматы.
 
Ғылыми қызметі:
Авиация техникасы саласындағы техника ғылымдарының докторы, профессор
 
Әскери атақтары:
Инженер-лейтенант (1969 ж.)
Аға лейтенант (1971 ж.)
Капитан (1973 ж.) – 1975 жылғы қаңтардан бастап
запаста Майор (26.05.1980 ж.) – запаста Подполковник (20.05.1990 ж.)
запаста Полковник (1991 ж., қазан)
запаста Қазақстан Республикасының авиация генерал-майоры (1992 ж.)
 
Қоғамдықсаяси қызметтері:
1993 жылғы ақпанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылым депутаты болып сайланды.
1994 жылғы мамырда ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаты болып сайланды.
2004 жылғы қыркүйекте ҚР Парла­менті­ Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланды.
2009 жылғы 24 қазанда біріктірілген съезд кезінде «Азат» БСДП партия қатарына қабылданды.
2012 жылы «Азат» БСДП қатарынан шықты.
 
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:
«Құрмет белгісі» ордені (23.07.1981 ж.)
«Кеңес Одағының Батыры» алтын жұлдызы мен Ленин ордені (31.10.1988 ж.)
«Қазан революциясы» ордені (1991 ж.) Қазақ КСР Құрмет грамотасы (1991 ж.)
Австрия Республикасының «Алтын крест» ордені (1992 ж.) ҚР «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызы (1995 ж.)
«Отан» ордені (1995 ж.)
«Ғарышты игеруде сіңірген еңбегі үшін» медалі (РФ, 2011 ж.)
 
Спорттағы жетістіктері:
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, волейбол бойынша 1-санаты бар.
 
Жанұясы:
Әкесі – Әубәкіров Оңғарбай (1896–1947), ұста.
Анасы – Әубәкірова (Еңсебаева) Кәмилә (1904–1968), жолдасының­ ұстаханасында балға ұрушы, одан кейін үй шаруашылығында болған.
Апасы – Әубәкірова Бикен Оңғарбайқызы (1926–1995).
Апасы – Әубәкірова Зүлпин Оңғарбайқызы, 1941 ж.т., зейнеткер. Әйелі – Әубәкірова (Малышева) Татьяна Михайловна, 1951 ж.т., инженер.
Ұлы – Әубәкіров Тимур Тоқтарұлы, 1977 ж.т., Нью-Йоркте Stony Brook университетін, Лондонда City University бітірген. Қаржыгер, бизнес менеджмент бакалавры, экономика бакалавры, инвестициялық менеджмент магистрі.
Ұлы – Әубәкіров Михаил Тоқтарұлы, 1982 ж.т., дипломат. Бес немересі бар.
 
Әуестігі:
Тау шаңғысы, қыста аң аулау.
 

МҰСАБАЕВ ТАЛҒАТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Халық Қаhарманы Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Ресей Федерациясының Батыры Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері
I санатты ғарышкер
Реттік нөмірі: 79-шы («Летчики-космонавты СССР и РФ» жіктеуі бойынша)
Әлемнің 309-шы ғарышкері Мәртебесі: егемен Қазақстан Республикасының бірінші ғарышкері, ашық ғарышқа шыққан бірінші қазақ.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын ғарышқа бірінші рет апарды, кейін 1998 және 2001 жылдары тағы екі рет апарды.
Ұшу саны: 3 рет
Жалпы ұшуы: 341 тәулік 9 сағат 48 минут 41 секунд
Ашық ғарышқа шығуы: 7 рет Ашық ғарыштағы жалпы жұмыс ұзақтығы: 41 сағат 15 мин 
Туған күні мен жері: 1951 жылы 7 қаңтар, Қазақ КСР-інің Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кенті
Ұлты: қазақ
Білімі: 
1974 жылы «Авиация радиожабдығын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша Лениншіл комсомол атындағы Рига Қызыл Ту азаматтық авиация инженерлерінің институтын аяқтады.
1984 жылы Алматы ӘАФЖЕҚ аэроклубындағы оқуын аяқтады. Ең жоғарғы пилотаж (ұшақ спорты) бойынша КСРО спорт шебері болған бірінші қазақ.
1986 жылы азаматтық авиациясының 30-шы оқужаттығу жасағында даярлығын аяқтады және КСРО Азаматтық авиация министрлігі­ Жоғары біліктілік комиссиясының шешімімен азамат­ тық авиация ұшқышы куәлігін алды.
1989 жылы Ульянов ЭӨК мүше елдердің азаматтық авиациясы ұшу, диспетчерлік және инженерлік-техникалық құрамын даярлау орталығында (ұшқыш мамандығы бойынша) оқуын аяқтады.
1993 жылы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесін аяқтады, ұшқыш-инженер дипломын алды.
 
Еңбек және кәсіби қызметі:
1974 жылғы сәуір мен 1990 жылғы мамыр аралығында азаматтық авиацияда инженерлік, ұшу және командалық лауазымдарда болды. Ұшқыш болып жұмыс істеген кезде 5 түрлі ұшақты меңгерген. 1800 сағат ұшқан.
 
Ғарышкерлер жасағындағы қызметтері:
Ғарышкерлер жасағындағы және Ю.А. Гагарин атындағы ғарыш-керлерді даярлау орталығы қызметінің жалпы мерзімі 14 жылды (1990-2003 жылдар аралығы) құрады.
1990 жылы 11 мамыр – КСРО Мемлекеттік ведомствоаралық комиссия (МВАК) шешімімен КСРО Азаматтық авиация министрлігінен жалпы ғарыштық даярлау курсы бойынша ғарышкерлерді даярлау орталығына (ҒДО) оқуға ұсынылды.
1991 жылы 6 наурыз – КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен міндетті әскери қызметке шақырылды және ҒДО ғарышкерлер жасағының (Гагарин ғарышкерлер жасағы) 4-тобына зерттеуші-ғарышкерлерге кандидат болып алынды.
1991 жылы 13 қыркүйек – КСРО Мемлекеттік ведомствоаралық комиссия шешімімен «сынақшы-ғарышкер» біліктілігі берілді.
1991 жылғы 22 қазан – ғарышкерлер жасағының 1-санаттағы сынақшы­ғарышкері.
1995 жылғы 29 сәуірден бастап – ғарышкерлер жасағының нұсқаушы­ сынақшы-ғарышкері.
1999 жылғы 9 шілдеден бастап – ғарышкерлер жасағы тобының командирі, нұсқаушы сынақшы-ғарышкері.
 
Ғарыштық даярлығы:
1990 жылғы қазан – 1991 жылғы мамыр – ҒДО жалпы ғарыштық даярлық.
1991 жылғы 20 мамыр мен 10 шілде аралығында – қазақстандық бағдарлама бойынша қосарлаушы экипаждың зерттеуші ғарышкері ретінде В. Циблиев және А. Лавейкинмен бірге «Мир» орбиталық кешеніне бару экспедициясымен ұшуға даярлықтан өтті. Ұшу 1991 жы­ лы қараша айына жоспарланды.
1991 жылдың 10 шілдесінде тасымалдағыш зымырандар мен ғарыш кемелерінің жетіспеуіне байланысты, сондайақ үнемдеу мақ­ сатында борт инженерінің орнына тағы бір зерттеуші-ғарышкер ретінде кеңестік-австриялық экипажға қазақ ғарышкерін қосу туралы шешім қабылданды.
1991 жылғы 17 шілде мен 13 қыркүйек аралығында ЭО-10/ «Аустромир-91» негізгі экспедициясының бағдарламасы бойынша екінші экипаж құрамында бірінші зерттеуші-ғарышкер ретінде А. Викторенко және К. Лоталлермен (Австрия) бірге ұшуға даярлықтан өтті.
1991 жылғы 2 қазан – «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің зерттеуші-ғарышкері Т. Әубәкіровтің қосарлаушысы болды.
1991–1993 жылдар аралығында «Мир» орбиталық кешенінің бағдарламасы бойынша ғарышкерлер тобының құрамында ұшуға даярлықтан өтті.
1993 жылғы 1 маусым мен 17 желтоқсан аралығында – «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-15 бағдарламасы бойынша Ю. Маленченко және Ж. Арзамазовпен бірге екінші экипаждың борт инже­нері ретінде ұшуға даярлықтан өтті.
1994 жылғы 8 қаңтар – «Союз ТМ-18» ғарыш кемесінің борт инженері Ю. Усачевтің қосарлаушысы.
1994 жылғы ақпан–маусым – «Мир» ОК ЭО-15 бағдарламасы бо­ йынша Ю. Маленченко және Г. Стрекаловпен бірге негізгі экипаждың борт инженері ретінде ұшуға даярлықтан (1994 жылғы 30 наурызға дейін) өтті. 30 наурыздан кейін Г. Стрекаловсыз өтті.
 
Ғарышқа бірінші ұшуы:
1994 жылғы 1 шілде – 4 қараша – «Мир» орбиталық кешеніне «Союз ТМ-19» ғарыш кешенінде ЭО-16 борт инженері ретінде Ю. Маленченко және В. Поляковпен бірге ғарышқа бірінші рет ұшты.
 
Маленченко Ю. И. Мусабаев Т. А.
командир борт инженері
Ұшу ұзақтығы 125 тәулік 22 сағат 53 минут 36 секундты құрады. Ашық ғарышқа екі рет шықты, жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минутты құрады.
 
Шақыру белгісі: «Агат-2»
 
Ұшу уақытында Қазақстан Республикасының ғылыми экспери-менттерінің екінші бағдарламасы табысты орындалды. РФ, АҚШ, Германия, Франция елдерінің ғылыми бағдарламалары орындалды.
 
Тарихта алғаш рет Т. Мұсабаев тәуелсіз Қазақстан Республикасы-ның Туын, Байқоңырдың бір уыс топырағын және мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранды өзімен бірге ғарышқа алып барды (қонған жерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тапсырылды).
 
Осы ұшу уақытында тарихта алғаш рет «Мир» станциясы – Медеу» (Алматы) телекөпірі өтті. Т. Мұсабаев ғарыштан «Азия дауысы» конкурсына сәлем жолдады және гитарамен өзі сүйемелдей отырып, ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін орындады.
 
Екінші ұшуға даярлығы:
1996 жылғы 25 наурыз – 1997 жылғы қаңтар аралығы – «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-23 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың командирі ретінде Н. Бударин, Х. Шлегель (ГФР) (1996 жылғы сәуірден бастап), М. Фоулмен (АҚШ) (1996 жылғы тамыздан бастап) бірге ұшуға даярлықтан өтті.
1997 жылғы 10 ақпан – «Союз ТМ-25» ғарыш кемесінің командирі В. Циблиевтің қосарлаушысы болды.
1997 жылғы наурыз – 1998 жылғы қаңтар – ЭО-23 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың командирі ретінде Н. Бударин, Л. Эйартц (Франция) және Э. Томаспен (АҚШ) бірге дайындалды.
 
Ғарышқа екінші ұшуы:
1998 жылғы 29 қаңтар – 25 тамыз аралығында Т. Мұсабаев «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-25 (НАСА-7/«Пегас») бағдарламасы бойынша «Союз ТМ-27» ғарыш кемесінің командирі ретінде Н. Бударин ­ және Л. Эйартц (1998 жылғы 19 ақпанға дейін, Франция), сондайақ Э. Томаспен (1998 жылғы 8 маусымға дейін, АҚШ) бірге ғарышқа екінші рет ұшты.
 
Эйартц Л. Мусабаев Т. А. Бударин Н. М.
зерттеуші-ғарышкер командир борт инженері

 

Томас Э. Мусабаев Т. А. Бударин Н. М.
№ 2 борт инженері командир № 1 борт инженері

 

Ұшу шамамен жеті айға созылды, осы ұшу уақытында «Мир» станциясында станцияның жүйелері мен агрегаттары істен шығуына байланысты көптеген штаттан тыс жағдайлар болғандықтан, өте күр-делі болды. Шындығында, экипаж өзінің сауатты іс-қимылдарымен «Мир» ғарыш кешенін құтқарып қалды.
 
Орбитада ЭО-24 экипажы – А. Соловьев және П. Виноградовпен (1998 жылғы 19 ақпанға дейін), сондай-ақ Шаттл STS 91 америкалық кеме экипажы – Ч. Прекурт, Д. Гори, Ф. Чанг-Диаз, В. Лоренс, Д. Каван-ди және В. Рюминдермен (1998 жылғы 4-8 маусым) жұмыс істеді.
 
Ұшу ұзақтығы 207 тәулік 12 сағат 51 минут 2 секундты құра-ды. Ұшу уақытында ашық ғарышқа 5 рет шықты, шығудың жалпы ұзақтығы 30 сағат 8 минутты құрады (сол сәтте бұл бір ұшуда ға-рышқа шығу бойынша рекорд болды).
 
Шақыру белгісі: «Кристалл-1»
 
«Мир» орбиталық кешеніне осы ұзақ экспедиция уақытында Т. Мұсабаев ҚР, РФ, АҚШ, Жапония мен Еуропа одағы елдерінің үшінші кеңейтілген ғарыштық бағдарламасын орындады.
 
Осы ұшуда «Астана – «Мир» орбиталық станциясы» тікелей телекөпір уақытында Т. Мұсабаев Қазақстан Республикасының жаңа астанасының тұсаукесеріне қатысты­. Адамзат тарихында алғашқы рет ғарыштағы ғарышкер өз елінің Президенті­ мен халқын мемлекет астанасының­ ашылуында құттықтады.
 
Үшінші ұшуға дайындығы:
1997 жылғы 28 шілде – МВАК шешімімен МКС-Т бағдарламасы бойынша ХҒС баратын экспедицияның бірінші экипажының командирі болып тағайындалды.
1999 жылғы 15 сәуір – 2000 жылғы мамыр – МКС-Т бағдарламасы (такси) бойынша («Союз ТМА» кемесін сынау және КК ауыстыру мақсатында) Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) баратын бірінші ресейлік экспедицияның негізгі командирі ретінде Н. Кужельнаямен бірге даярлықтан өтті.
2000 жылғы 2 маусым – ҒДО РМҒЗИ және «Энергия» ЗҒК бірлес­ кен шешімімен ЭО-29 екінші экипажының командирі болып тағайындалды.
2000 жылғы 12 маусым – «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-29 екінші экипажының командирі ретінде Ю. Батуринмен бірге ұшуға дайындық.
 
Т. Мұсабаевтың экипаждарын «Мир» станциясына және Халық­ аралық станцияға (ХҒС) шамамен бір уақытта ұшуға даярлау, осы уақыт кезеңінде «Мир» станциясын «батыру» туралы мәселе шешіліп жатқанымен байланысты болды.
 
Ғарышқа үшінші ұшуы:
 
2001 жылғы 28 сәуір – 6 мамыр аралығында Т. Мұсабаев «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің командирі ретінде ресейлік ғарышкер Юрий Батурин және әлемнің бірінші ғарыштық турисі, АҚШ азаматы, миллиардер Деннис Титомен ғарышқа үшінші рет ұшты. Осы ұшумен­ ғарыштық туризм ғасыры ашылды. Т. Мұсабаевтың экипажы жерге­ «Союз ТМ-31» кемесімен оралды.
 
Бұл XXI ғасырда және үшінші мыңжылдықта Жер планетасынан ғарышқа бірінші ұшқан кеме болғандықтан, есте қаларлық оқиға болды.
 
Тито Д. Мусабаев Т. А. Батурин Ю. М.
ұшуға қатысушы-әлемнің
бірінші ғарыштық турисі
командир борт инженері
 
Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 4 минут 3 секундты құрады. 
 
Шақыру белгісі: «Кристалл-1»
 
Ғарышқа үшінші ұшу уақытында кеме командирінің негізгі бағдарламасынан­ басқа, төртінші қазақстандық ғылыми эксперименттер бағдарламасы орындалды.
 
Барлық үш ұшу уақытында Т. Мұсабаев Қазақстан Республикасының Туын, бір уыстопырақ салынған капсуланы және барлық мұсылмандар үшін қасиетті кітап – Құранды өзімен бірге орбитаға алып барды. Сондайақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Отан» партиясының туы да ғарышта болды. Т. Мұсабаев оларды екінші ұшқан кезде өзімен бірге алды және кейін­ Алматы қаласында өткен партия съезінде Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевқа табыс етті.
 
Кейінгі еңбек жолы:
2003 жылдан бастап – РФ Қарулы Күштері Әскери авиациясының жауынгерлік әзірлік басшысы.
2005 жылғы 30 мамырдан бастап – «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру бойынша «Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ бас директоры.
2007 жылғы 10 ақпаннан бастап – ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2007 жылғы 11 сәуірден бастап – ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
ҚР Премьер-министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы өкімімен Т. Мұсабаев ҚР Премьер-министрінің азаматтық авиация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің (ҚР ИДМ) 2014 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен Т. Мұсабаев ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2016 жылғы 20 қаңтардан бастап – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
 
Құрметті атақтары:
Ресей Батыры (1994 ж.)
Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері (1994 ж.) Қазақстан Республикасының «Халық Қаһарманы» (1995 ж.) Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (1995 ж.) Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2015 ж.)
Жыл инженері – ҚР Ұлттық инженерлік академиясы «Машина жасау және ғарыш саласы» номинациясының жеңімпазы (2008 ж.)
Алматы қаласының, Алматы облысының, Байқоңыр қаласының, Қазақстанның, Ресей мен АҚШ-тың көптеген облыстары мен қалаларының Құрметті азаматы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҒТУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының және Қазақстан мен Ресейдің көптеген жоғары оқу орындарының құрметті профессоры.
 
Ғылыми қызметтері:
Зымыран-ғарыш техникасы саласындағы техникалық ғылымдар докторы (Қазақстанда бірінші), профессор
ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының (ҚР ҰҒА) корреспондент мүшесі
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Халықаралық астронавтика академиясының академигі Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі
К.Э. Циолковский атындағы Ресей космонавтика академиясының академигі
Ресейдің Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі
 
Әскери атақтары:
Запастағы лейтенант-инженер (1974 ж.) 
Запастағы аға лейтенант (1978 ж.)
 
Міндетті әскери қызметке шақырылғаннан кейін (КСРО ҚМ): 
Майор (ерекшелік ретінде, кезектен тыс) (1991 ж.) 
Подполковник (мерзімінен бұрын) (1993 ж.)
Полковник (мерзімінен бұрын) (1995 ж.)
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі әскери-әуе қүштері генерал-майоры (2003 ж.)
ҚР Авиация генерал-лейтенанты (2007 ж.)
 
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:
ҚР «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызы, (1995 ж.) 
«Герой России» алтын жұлдызы (1994 ж.) 
«Отан» ордені (ҚР, 1998 ж.)
«Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2011 ж.)
«Барыс» I дәрежелі ордені (ҚР, 2001 ж.)
«За заслуги перед Отечеством» III дәрежелі ордені (РФ, 1998 ж.)
«За заслуги перед Отечеством» II дәрежелі ордені (РФ, 2001 ж.)
«Дружбы народов СССР» ордені (1991 ж.)
«За заслуги в освоении космоса» медалі (РФ, 2011 ж.)
«Орден  Почетного  легиона»  Францияның  жоғары  наградасы (Франция, 2010 ж.)
«За заслуги перед Австрийской Республикой» құрмет ордені (1991 ж.)
«Астана» медалі (1999 ж.)
«Астанаға 10 жыл» мерейтой медалі (2008 ж.)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі (2011 ж.)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі (2016 ж.)
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ҚР ҰҚК медалі (2007 ж.)
«Жауынгерлік айбыны үшін» I дәрежелі медалі «Мінсіз әскери қызметі үшін» медалі
«Ғарышқа ұшқаны үшін» NASA-ның арнайы медалі (АҚШ, 1998 ж.) «Массасы үлкен ғарыш объектісін жинаудағы әлемдік рекорды үшін (248 673,7 кг)» Де-Лаво атындағы FAI арнайы медалі (Халық­аралық авиация және астронавтика федерациясы, 1998 ж.)
Қазақ КСР жоғары наградасы. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының «Құрмет» грамотасы (1984 ж.)
 
Спорттағы жетістіктері:
Қазақтан шыққан жоғары пилотаж бойынша КСРО-ның бірінші спорт шебері (Жоғары пилотаж жөніндегі Қазақ КСР құрама командасының мүшесі)
Спорттық гимнастикадан КСРО-ның спорт шебері Командалық есепте жоғары пилотаж бойынша КСРО-ның чемпионы (1983-1984 жж.)
 
Жанұясы:
Әкесі – Мұсабаев Амангелді Орынтайұлы, журналист (1916–1983). Анасы – Мұсабаева (Миндубаева) Салиха Хамидовна (1919–1996), дәрігер, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ағасы – Мұсабаев Болатбек Амангелдіұлы (1939 ж.т.), суретші-мүсінші.
Ағасы – Мұсабаев Марат Амангелдіұлы (1941–2010) ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ доценті. 1969-1970 жылдары КСРО 14-ғылыми экспедиция құрамында Антарктида болған бірінші қазақ.
Ағасы – Мұсабаев Мұрат Амангелдіұлы (1945–2003), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының слесарі.
Әйелі – Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж.т., дәрігер-стоматолог.
Ұлы – Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж.т., ҚР ІІМ Жоғары мектебін, «Қаржылық экономика» мамандығы бойынша Ресей мемле­ кеттік қызмет академиясының магистратурасын бітірді.
Қызы – Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж.т., Ресей Мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірді, Жұлдызды қалашықтағы (Мәскеу облысы) Ғарышкерлерді даярлау орталығының бас психо­ логы.
Немерелері – Талғат, Дамир, Тимур, Александр, Марат, Виктория
 
Әуестігі:
Музыка, ән айту, фортепианода, гитарада ойнау, бильярд, мини-футбол ойнау.
 

АЙЫМБЕТОВ АЙДЫН АҚАНҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Халық Қаhарманы Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері
Реттік нөмірі: Әлемнің 545-ші ғарышкері Мәртебесі: Қазғарыштың бірінші ғарышкері
Ұшу саны: 1 рет
Ғарыштағы уақыты: 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секунд
Туған күні мен жері: 1972 жылы 27 шілдеде, бұрынғы Талдықорған облысы Талды­ қорған ауданы Заря Коммунизма селосы (қазіргі Өтенай селосы)
Ұлты: қазақ
 
Білімі:
1989 жылы Талдықорған қаласында №20 орта мектепті бітірді.
1989 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесіне түсті және 1993 жылы «командалық тактикалық жойғыш авиа­ циясы» мамандығы бойынша аяқтап,«ұшқыш-инженер» біліктілігін алды.
2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универ­ ситетінің физика-математика факультетінің «физика және информатика» мамандығы бойынша толық курсын аяқтап шықты.
 
Еңбек және кәсіби қызметтері:
1993 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.
1993–1994 жылдары Жамбыл облысы Луговая станциясы 64207 ә/б ұшқыш болып қызмет етті.
1994–2000 жылдары Талдықорған қаласында 21751 ә/б аға ұшқыш болып қызмет етті.
2000–2003 жылдары Талдықорған қаласында 21751 ә/б Су-27 авиациялық эскадрильяның авиация бөлімінің командирі болып қызмет етті.
А. Айымбетовтің 470 сағаттан артық ұшу уақыты бар. Ол 4 түрлі ұшақты: Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27 меңгерген.
 
Ғарыштық даярлығы:
2002 жылы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттар іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында А. Айымбетов­ Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағына (2002 жылы Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағын құру ұйғарылды) енгізуге ұсынылды.
2002 жылы 17 желтоқсанда А. Айымбетов Бас медициналық комиссиядан (БМК) өтті және арнайы жаттығуларға рұқсат алды.
2003 жылы 29 мамырда Росавиакосмостың Мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының (МВК) шешімімен ғарышкер Ресей кандидаттары тобының құрамында даярлығын бастады.
2003 жылы 16 маусымда А. Айымбетов «Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығы» РМҒЗИ-да жалпы ғарыштық даярлықтан өте бастады. 2005 жылы 5 шілдеде оған «ұшқыш-сынақшы» біліктілігі берілді.
2005–2009 жылдары «Союз-ТМА» ұшқыш басқаратын көлік кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) ресейлік сегментін жетілдіру және мамандану тобында даярлығын жалғастырды.
 
Ұшу кейінге қалдырылды
2009 жылы 5 наурызда Қазғарыш пен Роскосмос қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне қысқа мерзімді (10 күн) ғарыштық ұшуын жүзеге асыру келісімшартына қол қойды. Ұшу күні 2009 жылдың 30 қыркүйегіне белгіленді.
Алайда Республикалық бюджеттік комиссияның 2009 жылғы 20 нау­ рыздағы шешімі бойынша экономикалық дағдарысқа байланысты қазақстандық ғарышкердің ХҒС-ке ұшуы кейінге қалдырылды.
 
Қазғарыш жүйесіндегі жұмысы:
Ғарышкерлерді даярлау орталығында даярлықты аяқтағаннан кейін А. Айымбетов Қазғарыш жүйесінде жұмысын жалғастырды.
2009–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі.
2010–2011 жылдары – Қазғарыштың ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры.
2011 жылғы наурыздан бастап ол Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Сұлтанғазин атында­ ғы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС-те ғарыштық техноло­­ гияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі басшысының­ орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А. Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.
2014 жылғы сәуірден бастап Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС директорының орынбасары болды.
 
Ғарыштық даярлық қайта басталды
 

2015 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин ұшуға мүмкіндіктер пайда болуына байланысты қазақстандық ғарышкердің ХҒС ұшуы туралы саяси шешім қабылдады.
2015 жылы мамыр айының соңында Қазғарыш пен Роскосмос арасында А. Айымбетовтің арнайы жаттығуларға дайындығын дәлелдеу үшін оны клиникалық­физиологиялық тексеруден өткізу туралы уағ­ даластыққа қол жеткізілді.
Жуковский қаласында «МАКС-2015» Мәскеу авиағарыш салонын өткізу уақытында Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев пен Роскосмос басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Иванов А. Айымбетовтің ғарышқа ұшуы жөніндегі келісімшартқа қол қойды.
Тараптар уағдаластығына сәйкес, 2015 жылғы мамырдың аяғынан бастап А. Айымбетов Гагарин атындағы ҒДО-да даярлыққа кірісті.
2015 жылғы 20–27 маусым аралығында ХҒС американдық сег­ ментін зерттеу мақсатында үшінші қазақстандық ғарышкер Хьюс­ тондағы (АҚШ) Джонсон атындағы NASA ғарыш орталығында даярлықтан өтті.
 
Ғарышқа ұшуы:
А. Айымбетов 2015 жылы 2 қыркүйек-тен 12 қыркүйекке дейін экипаж құрамын-да кеме командирі ресейлік Сергей Волков және Дания корольдігінің астронавты Андрес Могенсенмен «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде ғарышқа ұшты.
Ұшу ұзақтығы 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундты құрады.
Шақыру белгісі: «Эридан-3» (ұшу кезінде), «Альтаир-3» (қону кезінде)
 
Аимбетов А. А. Волков С. А. Могенсен А.
№2 борт инженері командир №1 борт инженері

Ғарышқа ұшу уақытында Айымбетов Қазақстанның бесінші ғарыштық бағдарламасын орындады, ол он ғылыми экспериментті қамтиды.

Кейінгі еңбек жолы:
2016 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спутник-тік технологиялар вице-президенті қызметін атқарады.
 
Құрметті атақтары:
Қазақстанның Халық Қаһарманы (14.10.2015)
Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (14.10.2015) Талдықорған қаласының Құрметті азаматы (15.10.2015)
Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының құрметті профессоры
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
 
Әскери атақтары:
Лейтенант (1993 ж.) Аға лейтенант (1995 ж.) Капитан (1997 ж.)
Майор (2000 ж.)
Подполковник (2005 ж.)
Полковник (2008 ж., мерзімінен бұрын)
Генерал-майор (2016 ж.)
 
Мемлекеттік және халықаралық наградалары:
ҚР «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызы (14.10.2015 ж.) «Отан» ордені (14.10.2015 ж.)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі (2011 ж.)
«Ғарышқа ұшқаны үшін» NASA-ның арнайы медалі (АҚШ, 2015 ж.)
 
Жанұясы:
Әкесі – Айымбетов Ақан Ырыскелдіұлы (1941–2007) Анасы – Айымбетова Жұмагүл (1948 ж.т.), зейнеткер
Ағасы – Айымбетов Айдар Ақанұлы, ҚР Шекара әскерлері департаментінің әскери қызметшісі (1970 ж.т.)
Апасы – Батырбаева (Айымбетова) Дина Ақанқызы, үй шаруасындағы әйел (1976 ж.т.)
Ағасы – Айымбетов Әлимир Ақанұлы, «Эйр Астана» ұлттық компаниясының қызметшісі.
Әйелі – Айымбетова (Донсебаева) Лилия Әлмұханбетқызы, үй шаруасындағы әйел (1978 ж.т.)
Ұлы – Айымбетов Әмір Айдынұлы (1998 ж.т.) Қызы – Айымбетова Диана Айдынқызы (2001 ж.т.) Қызы – Айымбетова Даяна Айдынкызы (2007 ж.т.)
 
Әуестігі:
Кітап оқу, спорттың белсенді түрлері: жүгіру, жүзу, үлкен теннис, бадминтон, шаңғы тебу.
 

ОҚЫРМАН ҚАУЫМҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР

Қазақстандық ғарыш бағдарламасы бойынша іріктеу
 
Ғарышқа қазақ ғарышкерін жіберу идеясы 1985 жылы аталып өткен «Байқоңыр» ғарыш айлағының 30 жылдығын тойлау дайын-дығы кезінде айтылған болатын.
 
Алғашында, топқа кезекті іріктеу шеңберінде бірнеше қазақ ұшқыштарын ғарышкерлер тобына қосу ұйғарылған еді. Осыған орай, Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев әскери ұшқыштардың арасынан лайықты кандидаттарды мақсатты іздеу туралы бұйрық шығарды. Бірақ олардың ешқайсысы медициналық комиссиядан өте алмады.
 
Ғарыш айлағының мерейтойына ұшырылымды орайластыру мүмкін болмады, алайда қазақ ғарышкерін ұшыру идеясы күн тәртібіндегі мәселе болып қала берді. Әскери ұшқыштардың арасынан кандидаттарды іздеудің сәтсіз болуына байланысты, ізденушілердің ауқымы кеңейтілді және 1986 жылдың көктемінде азаматтық авиация ұшқышы Талғат Мұсабаев Медициналық-биологиялық проблемалар институтының медкомиссиясынан сәтті өтті. Алайда Қазақ КСР-ында 1986 жылы болған саяси оқиғаларға байланысты, ұшырылымның өзі үлкен сұраулы мәселе болып қалды.
 
Осы идеяға қайта оралу тек 1989 жылы ғана мүмкін болды, бұдан кейін сол уақытта Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жоспарды толық қолдады. Бұл уақытта Талғат Мұсабаев Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның шешімімен 1990 жылы 11 мамырда ғарышкерлер тобына қабылдануға ұсынылды және Ю.А. Гагарин атындағы ҰДО-да жалпығарыштық даярлыққа кірісті.
 
Қазақстанда қазақ ғарышкері үшін эксперименттер бағдарламасының әзірлемесі басталып кетті және 1990 жылы КСРО мен Қазақ КСР Президенттері М.С. Горбачев пен Н.Ә. Назарбаев арасында ұшыры­ лымды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Алайда екінші кандидаттың болмауы бағдарламаның орындалуына қауіп төндірді. Іздеу жұмыстары­ жалғасты, 1990 жылдың соңында тағы бір кандидат табылды, ол – КСРО еңбек сіңірген сынақшы-ғарышкері Т. Әубәкіров еді.
 
Осылайша, 1991 жылы 20 мамырда Ю.А. Гагарин атындағы ҰДО-да зерттеуші-ғарышкерлер ретінде Қазақстаннан екі кандидат да­ йындыққа кірісіп кетті: Талғат Мұсабаев қосалқы экипажда, ал Тоқтар Әубәкіров негізгі болып дайындалды.
 
Экипаждың құрамы мен ғарышкерлерін даярлау
 
Түрлі модификациялардың «Союз» үлгісіндегі ұшқыш басқаратын ғарыш кемесі экипажының үш мүшесі болады – олар кеме командирі, борт инженері және зерттеуші-ғарышкер.
 
Қазақстандық ғарышкерлер орбитада осы үш лауазымда да жұмыс атқарды.
 
Тоқтар Әубәкіров қысқа мерзімді мақсатты бағдарлама бойынша дайындықтан өтіп, ғарышқа зерттеуші-ғарышкер ретінде ұшты.
 
Талғат Мұсабаев кеңестік, одан әрі ресейлік ғарышкерлер жасағының ғарыштық даярлығының толық курсын аяқтады. Ол бірінші ұшуында борт инженері болып тағайындалған, ал одан кейінгі екі ұшуында ғарыштағы жұмыстарын ғарыш кемелерінің және халықаралық экипаждардың командирлері лауазымында атқарды.
 
Халықаралық ғарыш станциясына Айдын Айымбетов борт инженері ретінде ұшты. Ұшуға арналған келісімді, А. Айымбетовтің ұшу бағдарламасын дайындау және осы ғарыш экспедициясын ұйымдық сүйемелдеумен Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органы – Қазғарыш айналысты.
 
Негізінде, командирлерді әскери ұшқыштардың, ал борт инженерлерін ғарыш техникалары конструкторлары мен инженерлерінің және әзірлеушілерінің арасынан таңдап даярлайды.
 
Командирдің басқа экипаж мүшелерінен ерекше айырмашылығы, ол кеменің негізін құраушы бақылау функцияларына (ұшу, қону, ұшқыш басқару, жүйелердің жұмысына жетекшілік ету) және барлық экипажға жауап береді. Түрлі модификациялардың «Союз» үлгісіндегі ұшқыш басқаратын кемесімен ұшу кезінде командир кемені қолымен басқару функциясына ие болады. Борт инженері қозғалтқыштардың, аппаратуралардың және борттағы жабдықтардың жай-күйінің жұмысына жауап береді. Зерттеуші ғарышкер командирдің жекелеген тапсырмасын орындай отырып, ұшқыш басқаратын кеменің жұмысына толық қатыспайды деуге болады, сондықтан оларға қойылатын талап та төмен болады, ал олардың дайындығы алдыңғы екеуіне қарағанда едәуір аз уақытты қамтып, бірнеше айдан бастап бір жылға дейін созылуы мүмкін және жоғары біліктілік талабы қойылмайды.
 
Экипаждың барлық мүшелері ғарыштық даярлықтан өтеді, бұл рәсім ғарышкердің біліктілігіне байланысты кезең-кезеңмен жүргізіледі.
 
Бірінші кезеңде жалпы ғарыштық даярлық (ЖҒД) болады. Ғарышкердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында білімін жетілдіріп, тәжірибе жинайды. ЖҒД кезеңінің ұзақтығы 10 айдан бастап 26 айға дейінгі аралықты құрайды және мамандандыруға оқыту басталмас бұрын таңдаулылар айқындалады.
 
ЖҒД нәтижелері бойынша Мемлекеттік ведомствоаралық комиссия (МВАК) ғарышкерлерге дипломдар тапсырады және мынадай біліктіліктер береді:
1-санат (сынақшы-ғарышкер, командирлер мен борт инженерлері-не беріледі);
2-санат (зерттеуші-ғарышкер, ұшуға қатысушыларға беріледі). Екінші кезеңде ғарышкерлер мамандандырылған даярлықтан өтеді, оның мақсаты берілген үлгідегі ұшқыш басқаратын ғарыш аппаратымен (ҰБҒА) ғарыштық ұшырылымды орындауға қажетті кәсіби білім, шеберлік кешенінің барлығын игеру болып табылады. Осы үлгідегі даярлық экипаж құрамына ғарышкерлерді қосқанға дейін жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы 1,5-2 жылды құрайды.
 
Үшінші кезең – бекітілген экипаждар құрамындағы ғарышкерлерді даярлау. Үшінші кезеңнің ұзақтығы қосалқы экипаж үшін ұшқанға дейінгі шамамен 24 айды, ал негізгі экипаж үшін ұшқанға дейін кем дегенде 6 айды құрайды.
 
Төртінші кезең – ҰБҒА-ның бортына ғарышкерлерді даярлау. Төртінші кезеңнің ұзақтығы ұшу бағдарламасына тәуелді болады.
 
Даярлықтың барлық кезеңінен ретретімен өту кәсіби ғарышкерлер (командирлер мен борт инженерлері) үшін міндетті болып саналады. Ғарышкерлікке кандидаттар үшін ЖҒД бір реттік кезең болса, ал басқа кезеңдерде ғарышкерлер осы даярлықтан бірнеше рет өтуі мүмкін.
 
Ғарышқа адамзат баласының алғашқы сапарының даярлық сәтінен бастап және бүгінгі күнге дейін ғарышкерлердің ұшуға әзірлігі туралы шешімді саны жағынан көбірек, «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы (бұрынғы – КСРО Жалпы машина жасау министрлігі, одан кейін Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі болып қайта құрылды), Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі, Ресейдің Ғылым академиясы, С.П. Королев атындағы «Энергия» зымыранғарыш корпорациясы (бұрынғы ОКБ-1, ЦКБМ, «Энергия» ҒӨБ), Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының Ғылыми-зерттеу институты және т.б. мемлекеттік органдар мен тиісті кәсіпорындардың өкілдерінен тұратын МВАК қабылдайды.
 
Ғарышкердің шақыру белгісі
 
Шақыру белгісін немесе сәйкестендіргішті таңдау құқығына экипаж командирі ғана ие болады. Оны таңдап алған соң, алда болатын барлық ұшырылымдар кезінде ғарышкерге осы шақыру белгісі беріледі. Экипаж қалыптастырылғаннан кейін командирге команданы сәйкестендіру үшін бірінші нөмір беріледі, мысалы, «Кристалл-1». Ұшудың алдында экипаждың командирі шақыру белгісін 2-нөмірде ұшатын борт инженеріне береді, мысалы, «Кристалл-2», ал зерттеу­ шіғарышкер 3-нөмірді, мысалы, «Кристалл-3» алады.
 
Экипаж теңіздегі жаттығулары кезінде «Океан» шақыру белгісі пайдаланылады. Экипаждарға арналған ҒДО-дағы жаттығулар уақытында жеке шақыру белгісін әлі таңдамаған командирлерге «Борт» шартты шақыру белгісі қолданылады.
 
Дербес шеврондардың тарихы
 
Қазақ ғарышкерлеріне арналған эмблеманың дизайны – сәулетші Шота Уәлихановтікі (Шот-Аман Уә-лихан), сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаң-басының авторы болып табылады. Эмблеманың суреті еліміздің Елтаң-басының алғашқы нұсқасына сәйкес келеді. Ш. Уәлихановтың айтуынша, осы композицияны: екі аққу қанаты-ның арасында бейнеленген шаңырақты (шаңырақ – қазақ киіз үйінің күмбезін бекітіп тұратын, ағаштан қиюластыра жасалған шеңбер) ол түсінде көрген. Төбесіне жарты ай мен бесбұрышты жұлдыз орналасқан.
 
1991 жылдың ортасында Қазақстанның Баспа министрі Қуаныш Сұлтанов Ш. Уәлихановқа дайындалып жатқан тұңғыш қазақ ғарыш-керінің ұшатыны туралы хабарлады.
 
Ш. Уәлиханов өзінің суретін ғарыш-керлерге беруді өтінді. Эмблеманың астында, екі бетінде де «Қазақстан» деген жазу бар, сондай-ақ ғарыш-керлердің есімдері: «Тоқтар» және «Талғат» деген жазулар бейнеленген.
 
Талғат Мұсабаевтың жеке шев-роны 1990 жылы оның жалпыға-рыштық даярлығы кезінде жасалған болатын. Онда «Әлем көшпендісі» – ғарыш кеңістігі мен Жер ғалам-шарының аясында асау жүйрік мінген, дәстүрлі қазақша киінген салт атты бейнеленген.
 
Ғарышкерлердің кейбір дәстүрлері
 
Міндетті әрі ізгі дәстүрлердің бірі – ұшырылымға дейін бір немесе екі күн бұрын экипаж мүшелері, бас конструктор, кейбір ресми тұлғалар және жалпы сол уақытта қолы бос кез келген маман «Белое солнце пустыни» фильмін көріп тамашалайды. Фильмді соңына дейін міндетті түрде көру қажет, кейбір ғарышкерлер бұл фильмді 10 және одан да көп рет тамашалаған. Бұл рәсім 1978 жылы, яғни осы фильм 1970 жылы түсірілгеннен кейін бастау алған. Ғарышкерлерге бұл фильм ұнайды, бәрінен бұрын ол қобалжуды басуға жәрдемдеседі. Қиын да қауіпті сапар алдындағы табиғи мазасыздықты жояды. Фильмді тамашалаушылар картинаның мазмұнына арналған нағыз викторина ұйымдастырады және онда өте «қиын», мәселен, «Сухов жолдастың гимнастеркасында қанша түйме бар?» немесе «кеденші Верещагин қандай уылдырық жеді?» деген сияқты сұрақтар да кездеседі. Егер, қызыл десеңіз – қателесесіз, қара десеңіз де – қате айттыңыз! Дұрыс жауабы – «қарғыс атқан» («Мен оны, қарғыс атқанды жей алмаймын!» – фильмнен алынған фраза бойынша).
 
Ал біздің отандастарымыз қалыптастырған салтдәстүрге келе­ тін болсақ, Талғат Мұсабаевтың өтініші бойынша, ол алғаш ұшып кел­ генде, оның қонған жеріне алманың «апорт» сорты мен «колхозница» қауыны жеткізілген болатын. Ғарышкер Жерге оралған соң, бәрінен бұрын, тек осы жемістердің иістерін ғана аңсаған екен. Осы жағдайдан бастап, Қазақстан жеріне қонған ғарышкерлерге алма ұсыну дәстүрге айналып және бұдан былай да қону аппаратынан шыққан әр экипаж мүшесіне тосын сый – Алматы апорты ұсынылып жүр.
 
Негізгі қысқартулар тізімі
 
АҚ Акционерлік қоғам
АҚШ Америка Құрама Штаттары
ӘАФЖЕҚ Әскерге, авиацияға және флотқа жәрдемдесетін ерікті қоғам
ҒА Ғарыш аппараты
ҒДО Ғарышкерлерді даярлау орталығы
ҒЗИ Ғылыми-зерттеу институты
ҒӨБ Ғылыми-өндірістік бірлестік
ЕЖШС Еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖҒД Жалпы ғарыштық даярлық
КСРО Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚР Қазақстан Республикасы
ҚР ИДМ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
МАИ Мәскеу авиация институты
МВАК Мемлекеттік ведомствоаралық комиссия
НЭ Негізгі экспедиция
ОК Орбиталық кеңес
РФ Ресей Федерациясы
ТКБ Тәжірибелі-конструкторлық бюро
ҰБҒА Ұшқыш басқаратын ғарыш аппараты
ҰҒА Ұлттық ғылым академиясы
ҰК Ұлттық компаниясы
ХҒС Халықаралық ғарыш станциясы
ЭӨК Экономикалық өзара көмек кеңесі

 


Көк Туымыз – ғарыш кеңістігінде

 


Президентіміз Н.Ә. Назарбаев құрамында тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров бар кеңес-австриялық экипажбен әңгімелесуде. 1991 жыл

 


Кеңес-австриялық экипаж ұшар алдында. Т. Әубәкіров, Ф. Фибек, А. Волков. 1991 жыл

 

ЭО-16 экипажы жұмыс кезегін ЭО-17-ге тапсыруда. Екі экипаждың «Мир» ОС-дағы бірге болған рекордты уақыты.
Солдан оңға қарай, жоғары қатарда: У. Мербольд, А. Викторенко, төменгі қатарда: В. Поляков, Т. Мұсабаев, Е. Кондакова, Ю. Маленченко. 1994 жыл

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш рет Т. Мұсабаевтың экипажын қазақ даласында жерге қонғаннан кейін қарсы алуда. 1994 жыл

 

Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю. Маленченконы «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен және ресейлік ғарыш басшылығын марапаттау сәтінен. 1995 жыл
 
 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевты №4 және №5 «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен марапаттады. 1995 жыл
 
 
 
STS-91 Шаттлмен ойдағыдай түйіскеннен кейін. «Мир-Шаттл» кешенінің командирі ресейлік және америкалық экипажбен. 1998 жыл 
 
 
 
Ашық ғарыш кеңістігіндегі тұңғыш қазақ Т. Мұсабаев өз борт инженері Н. Бударинмен бірге «Мир» стансасының қызметін қалпына келтіру мақсатында инженерлік жұмыстар жүргізуде. 1998 жыл
 
 
 
Т. Мұсабаев экипажы ғарыштағы екінші сапарынан кейін ҚР Туын Н.Ә. Назарбаевқа табыстауда. 1998 жыл
 
 
Экипаж командирі Т. Мұсабаев әлемдегі тұңғыш ғарыш турисі – америкалық миллиардер Д. Титомен ХҒС-ға ұшып барды. 2001 жыл
 
 
 
Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев Қазақстан Президенті Н. Назарбаев және Ресей президенті В. Путинге Байқоңыр ғарыш айлағында Роскосмос пен Қазғарыштың бірлесіп атқарған жұмыстарына есеп беруде. 2005 жыл
 
 
 
А. Айымбетов ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ғарышқа ұшуға дайын екендігі туралы есеп беруде. 2015 жыл
 
 
 
Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев және Ю. А. Гагарин атындағы ҒДО басшысы Ю. Лончаков Қазкосмос ғарышкері А. Айымбетовке сәт сапар тілеуде. 2015 жыл 
 
 
 
Қазғарыш ғарышкері А. Айымбетовті Астана қаласының әуежайында салтанатты қарсы алу сәтінен. 2015 жыл
 
10.05.2017