Жылнама

Қазақстанның ғарыш қызметінің хроникасы
 
1991 жыл, 11 қыркүйек – Қазақ КСР Ғарыштық зерттеулер агенттігі құрылды;
1991 жыл, 2-10 қазан – бірінші қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышкер-зерттеуші ретінде совет-австрия экипажы құрамында ғарышқа ұшуы, сол уақытта ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің бірінші бағдарламасы орындалды;
1993 жыл, 25 ақпан – Қазақ КСР Ғарыштық зерттеулер агенттігі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Ұлттық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі болып қайта құрылды;
1994 жыл, 28 наурыз – «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімге қол қойылды;
1994 жыл, 1 шілде - 4 қараша – тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші ғарышкері Т. Мұсабаевтың «Мир» станциясына 16-шы негізгі экспедицияның бортинженері ретінде ұзақ 126 тәуліктік ұшуы. Ұшу уақытында Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің екінші бағдарламасы табысты орындалды;
1994 жыл, желтоқсан – Қазақстан БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі комитетінің (COPUOS) мүшесі болып қабылданды;
1994 жыл, 10 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына қол қойылды;
1996 жыл, сәуір – Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттігі Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы – Ғылым министрлігінің қарамағына өтті;
1997 жыл, мамыр – Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның ғарыш қызметі саласындағы негізгі бес халықаралық шартына қосылды;
1999 жыл, қазан – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы – Ғылым министрлігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті болып қайта құрылды;
2001 жыл, қаңтар – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті болып қайта құрылды;
2001 жыл, сәуір-мамыр – ғарышкер Т. Мұсабаевтың халықаралық ғарыш станциясына халықаралық экипаж командирі ретінде әлемдегі бірінші ғарыш турисі Д. Титомен үшінші ұшуы. Қазақстандық ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің төртінші бағдарламасы орындалды;
2001 жыл, 1-8 қазан – Қазақстанда (Алматы қ, Байқоңыр қ.) «Ғарыш зерттеушілері қауымдастығының XVII халықаралық конгресі» өтті;
2002 жыл, тамыз – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті болып қайта құрылды;
2004 жыл, 9 қаңтар – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды;
2004 жыл, 22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру туралы келісімге қол қойылды;
2004 жыл, қазан – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Аэроғарыш комитеті  болып қайта құрылды;
2005 жыл, 25 қаңтар – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен алғашқы 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді;
2006 жыл, 18 маусым – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Кazsat» бірінші қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылды;
2006 жыл, 20 қазан – «В.М. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК Ресей компаниясымен «Кazsat-2» екінші қазақстандық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімге қол қойылды;
2007 жыл, 27 наурыз – Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) құрылды, ғарыш саласын құрудың бастамасы;
2007 жыл, 11 сәуір – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болып тағайындалды;
2008 жыл, мамыр – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;
2010 жыл, 9 сәуір – Ресейге Қазақстанның ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға беруді ұзартатын, «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім бекітілді;
2011 жыл, 16 шілде – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KazSat-2» екінші қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылды;
2011 жыл, 17 қаңтар – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді;
2012 жыл, 6 қаңтар – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды;
2013 жыл, желтоқсан – Қазғарыштың өз күшімен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің қызмет етуі үшін 50 локалді дифференциалдық станциясы құрылды және пайдалануға берілді;
2014 жыл, 28 сәуір – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KazSat-3» үшінші қазақстандық байланыс және хабар тарататын ғарыш аппаратының ұшырылуы жүзеге асырылды;
2014 жыл, 30 сәуір – «Куру» (Француз Гвианасы) ғарыш айлағынан жоғары қабілетті «KazEOSat-1» ЖҚЗ алғашқы қазақстандық спутнигінің ұшырылуы жүзеге асырылды;
2014 жыл, 23 мамыр – Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы Ресей және Қазақстан үкіметтерінің арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Келісімге 2008 жылғы 22 мамырда Астанада қол қойылған болатын;
2014 жыл, 20 маусым – Ресейлік «Ясный» ұшыру базасынан (Орынбор облысы) «КazEOSat-2» орташа қабілетті екінші ЖҚЗ ҒА ұшырылуы жүзеге асты.
2014 жыл, 13 тамыз - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 115-р өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің азаматтық авиация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.
2014 жыл, 14 тамыз - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта құрылды. Министр Ә. Исекешевтің бұйрығымен Талғат Мұсабаев Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2015 жыл, 23 қаңтар - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің 2015 жылы 23 қаңтардағы бұйрығымен  құрылған Қабылдау комиссиясы «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесінің жобасын қабылдау туралы актіге қол қойды және жер серігі алғашқы коммерциялық байланыс қызмет көрсетулерін бастады. 
2015 жыл, 26 қаңтар -  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 қаңтардағы №16/НК бұйрығымен жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің мынадай негізгі элементтері пайдалануға енгізілді: ҚР барлық облыстарында орнатылған дифференциалды стансалар (60 ДС) желісі;  дифференциалды түзету және мониторинг орталығы (ДТМО); жерсеріктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау жөніндегі зертхана; теңіз жергілікті дифференциалды стансасы.
Категория материал: 
27.01.2016