Басшылық

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов

1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек қентінде дүниеге келген.

Үйленген, ұлы бар.

1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.

1998 жылдың наурызынан бастап Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қарашасынан бастап аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет істеді.

2014 жылғы 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2016 жылғы 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2016 жылғы 24 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Наградалары: «Ерең еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі және басқа марапаттар.

Данбаев Ғалымжан Калдыбекұлы

1974 жылы 12 қазанда ҚазКСР Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам ауылында дүниеге келді.

Үйленген, 3 баласы бар.

1998 жылы «Есептеуіш машиналар, кешендер, жүйелер мен желілер» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын аяқтады.

1999 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитетінің Жылжымалы мүлікті әкеліп-әкетуді бақылау бөлімінің бас маманы ретінде еңбек жолын бастады (Байқоңыр қ.). 2001 жылдың қыркүйегінен бастап осы бөлім бастығының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

 2002 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жылжымалы мүлікті әкеліп-әкетуді бақылау және сараптау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2006 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды .

2008 жылғы мамырмен 2014 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі «Байқоңыр» ғарыш айлағы департаментінің директоры болып жұмыс атқарған.

2014 жылғы қазан мен 2015 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2015 жылғы қарашадан 2016 жылғы қараша аралығында Алматы қаласында коммиерциялық құрылымында жұмыс істеді  .

2016 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы ретінде жұмысқа қабылданды.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Наградалары: Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі.

Олжабеков Мәлік Серікұлы

1986 жылғы 10 қазанда Қазақ ССР Алматы облысы Жамбыл ауданы Новороссийск ауылында дүниеге келді.

Үйленген, ұлы мен қызы бар.

2009 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақстанның менеджмент және экономика институтын (КИМЭП)  аяқтады.

2014 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (ҚазҰУ) заңтану мамандығы бойынша бітіріп, заң ғылымдарының магистры (құқық магистры) академиялық дәрежесін алды.

2010 жылғы 4 маусымнан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да («РҒБО» АҚ) менеджер - «РҒБО» АҚ президентінің көмекшісі лауазымында еңбек жолын бастады.

2012 жылғы 1 қазаннан бастап Корпоративтік даму департаментінің жобаларды іске асыру және маркетинг басқармасының бастығы лауазымына ауыстырылды.

2014 жылғы 1 тамыздан бастап коммерциялық директордың – Корпоративтік даму департаменті директорының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. 2014 жылдың            1 қыркүйегінен бастап атқарып жүрген лауазымында бекітілді.

2017 жылғы 10 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төраға орынбасарының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалды

Наградалары: Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасы, «РҒБО АҚ-ға 10 жыл» мерейтойлық медалі.

Оралмағамбетов Баубек Жеткергенұлы

1983 жылы 31 наурызда ҚазССР Ақтөбе облысы Ембі қаласында дүниеге келді.

 2006 жылы «Авиациялық қаруланудың робототехникалық жүйелері» мамандығы бойынша Мәскеу авиациялық институтын (мемлекеттік техникалық университет) аяқтады. Экономика ғылымының кандидаты.

2006 жылғы шілдеден бастап «М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық» инженер-конструкторы ретінде өз еңбек жолын бастады (Мәскеу қ.).

2010 жылғы қыркүйек пен 2012 жылғы шілде аралығында «Бәйтерек»  «Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ-ның бас маманы, бөлім бастығы болып қызмет атқарды (Мәскеу қ.).

2012 жылғы тамыз бен 2014 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту департаменті директорының орынбасары, директор лауазымында қызмет атқарды .

2014 жылғы қазан мен 2015 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы болды.

2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы желтоқсан аралығында "Ғалам" ЖШС бас директоры болып қызмет атқарды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы ретінде жұмысқа қабылданды.

Наградалары: «Ерең еңбегі үшін» медалі.