2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге Конкурс

31.10.2018

Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылымы басымдығы аясында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыруға мынадай мамандандырылған бағыттар бойынша  конкурс жариялайды:

1. «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін, қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-ғарыш технологияларын дамыту».

2. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту».

3. «Ұшкыссыз авиация кешендері өндірісінің технологияларын дамыту»

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылға 30 қазанан бастап 30 қарашаға дейін қабылданады. Толық ақпарат Министрліктің www.mdai.gov.kz сайтында орналастырылған (Негізгі бет > Департаменттер > Ғылыми-техникалық даму департаменті > Қызметі).

Конкурстың мақсаты ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыру бөлу арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуетті және ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымдарының, сондай ақ ғалымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Байқауға қатысу – бұл сіздің ҚР Қарулы Күштерінің алдында тұрған негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін жобаларыңызды іске асыру, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің бір бөлігіне айналу мүмкіндігі!

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі