Адамзаттың алғаш ғарышқа ұшуының халықаралық күні

12.04.2019

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің  атынан  және  өзімнің  атымнан ғарыш саласының барлық қызметкерлерін  кәсіби мерекелері – Адамзаттың алғаш ғарышқа ұшуының  халықаралық күнімен құттықтаймын!

Осыдан 58 жыл бұрын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан бортына алғашқы ғарышкер - адам  мінген «Восток» ғарыш кемесі ұшырылды. Бұл тарихи оқиға - адамзаттың ғарышқа алғаш рет сапар шегуі, ғылым мен техниканың үлкен жетістігі еді.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы қолдауының арқасында Қазақстанда тұтас бір сала қалыптасты. Бүгінгі күні бір жарым мыңға жуық жоғары білікті мамандар  осы саланы одан әрі дамытуға ат салысуда.

Ғарыш саласы – бүкіл әлем бойынша  қарқынды дамып жатқан сала және біз де алдымызға өр мақсат-міндеттер қойып отырмыз.

Сіздерге қазақстандық ғарыш саласының болашағына қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Бүгінгі кәсіби мерекемізде баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, жаңа жетістіктер тілеймін!  Әрдайым аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын, әріптестер!

Құрметпен,

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және

аэроғарыш өнеркісібі министрі 

А. Жұмағалиев

Қазғарыштың баспасөз қызметі