Алғашқы қазақстандық жерді қашықтықтан зондтау спутнигіне - 5 жыл

30.04.2019

Осыдан 5 жыл бұрын, 2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Гвиана, Франция) KazEOSat-1 алғашқы қазақстандық жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) серігі ғарышқа ұшырылды. ЖҚЗ аппараты ғарыштағы 3-ші тәулігінде Қазақстанның алғашқы тестілік суреттерін жібере бастады. Осы 5 жылда KazEOSat-1 спутнигі ғарыштан 678 129 сурет түсірді (әлем бойынша суретке түсірілген жалпы аумақ 271 251 815 шаршы километрді құрайды).

Айтып өту керек, Франциялық аэроғарыш Airbus Defence and Space концернімен арнайы Қазақстан үшін жасалған аппараттың кеңістік рұқсаттамасы бойынша 1пикселі 1метрге тең. KazEOSat-1 Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының мүддесі және басқа елдерге сату үшін Жер бетін ғарыштан суретке түсіреді. Жерсерік күн-синхронды орбитасы бойымен қозғалады. Бұл дегеніңіз, ғарыш аппаратының планетаның бір полюсінен екінші полюсіне қарай ұшып жүретінін білдіреді. KazEOSat-1 жер серігінің радиокөру аймағы Таймыр түбегінен Солтүстік Үндістанға дейінгі ауқымды территорияны қамтып, жерді тәулігіне 14 мәрте айналып шығады.

Ғарыш аппараты радиокөру аймағында болғанда  күніне үш күндік және үш түндік сеансты жүзеге асырады. Бір сеанстың ұзақтығы орташа есеппен 5-10 минутты құрайды. Осы уақыт аралығында спутникке көптеген бағдарламалық тапсырмалар беріледі, сондай-ақ аппаратпен жиналған ақпараттар жіберіледі.  

KazEOSat-1 Қазақстан Республикасының территориясын суретке түсіруге және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-на жерді қашықтан зондтау қызметтерінің толық спектрін ұсынуға арналған, сонымен қатар мониторинг мақсатында жердің басқа аймақтарын суретке түсіруге, табиғат апаттарының алдын алу, жер кадастрін жүргізу, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картографиялау үшін пайладанылады.

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: