"Арыс, біз біргеміз!"

26.06.2019

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ведомствоға бағынысты мекемелердің және аймақтық департаменттердің қызметкерлері Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақыларын аударуды шешті. Қаражат «Түркістан» әлеуметтік даму қорына аударылатын болады.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі