Астана қаласының әкімдігі №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері «KADEX - 2018» көрмесіне барды

28.05.2018

2018 жылғы 25 мамыр   күні «KADEX – 2018» V Халықаралық қару - жарақпен әскери - техникалық мүлік көрмесін  өткізу аясында Астана Халықаралық әуежайының әскери секторының аумағында  Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлерімен  Астана қаласының әкімдігі №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін экскурсия ұйымдастырылды.

Көрменің жас қатысушылары  құрлықтағы әскерлерінің техникасы мен каруландыруларының ҚР ӘК Әуе қорғаныс күштері авиациялық техникасының, пилотаж топтарының көрнекі өнер көрсеулерін, компания-экспоненттерінің әскери, арнайы және авициялық техникасының демонстрациялық көрсетулерін тамашалады.   

Көрме павильондарын аралау барысында заманауи әскери техникаға балалар үлкен қызығушылықпен қарады, суретке түсіп, әскери, авиациялық және арнайы техникалардың отандық және шетелдік кәсіпорындар өкілдерінен олардың тарихы туралы мәліметтерді қызығушылықпен сұрастырды. Сонымен қатар,  балаларға арнайы дайындалған әскери солдаттық ботқадан дәм тәтті. 

Кездесудің соңында барлық балаларға «KADEX – 2018» символикасы бар естелік сыйлықтар табыс етілді.

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: