«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Eutelsat 5 West B / MEV-1» ғарыш аппараттарымен «Протон-М» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды

09.10.2019

Бүгін, 2019 жылғы 9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 16 сағат 17 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200 алаңынан «Eutelsat 5 West B / MEV-1» ғарыш аппараттарымен «Протон-М» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды. Ұшырылым штаттық режимде өтті.

«Eutelsat 5 West B» ҒА – Ku-диапазонындағы телекоммуникациялық спутнигі, ол батыс бойлық 5 градус нүктесінде орналасады және көбінесе Франция, Италия және Алжир нарықтарына бағдарланады. Ол жоғарыда көрсетілген нарықтар үшін үздіксіз жұмыс пен жақсартылған сапаны қамтамасыз ететін болады.

«MEV-1» (Mission Extension Vehicle-1) ҒА – технологиялық спутник, Northrop Grumman компаниясымен құрылды, ол алғаш рет SpaceLogistics LLC 100% еншілес компаниясы көрсететін спутниктердің қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

«MEV-1» биіктікті алу және бағдар ғарыш аппараттарын құрастыру бөлігінде бақылау үшін спутниктердің қолда бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып жер маңындағы орбитадағы клиенттік серіктеріне түйісетін болады.

 

 

 

  

 

 

Қазғарыштың баспасөз қызметі