«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-15» транспорттық басқарылатын кемесі сәтті ұшырылды

25.09.2019

Бүгін, 2019 жылғы 25 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 19:57-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран-тасығышымен «Союз МС-15» транспорттық басқарылатын кемесінің (ТБК) ұшырылуы сәтті өтті.

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедициямен баратын экипажы бар «Союз МС-15» ТБК-нің ұшырылымы «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 1 алаңынан («Гагарин стартынан») жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Экипаждың құрамында Роскосмостың ғарышкері Олег Скрипочка (ТБК командирі), «NASA» астронавты Джессика Меир (бортинженер) мен БАӘ астронавты Хаззаа Аль Мансури бар.

«Союз МС-15» ТБК-нің ұшырылымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 187 тәулікті құрайды.

«Союз МС-15» кемесінің ХҒС жақындауы төрт айналымдық схемамен жүргізіледі.

Экспедицияның мақсаттарына жүк кемелерімен жұмыс істеу, стансаның жұмыс қабілеттілігін сақтау, фото- және бейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді орындау кіреді.

Бұдан бөлек, экипаж ХҒС-қа басқарылатын режимде станцияны пайданалау үшін отын, тамақ, су және тағы басқа жүктерді жеткізеді. 

Қазғарыштың баспасөз қызметі