«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ү.ж 10 шілдеде «Союз-2.1а» ЗТ көмегімен «Прогресс МС-09» ТЖК ұшырылды

10.07.2018

2018 жылдың 10 шілдеде Астана уақыты бойынша 03 сағат 51 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы көмегімен «Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесі сәтті ұшырылды.

Ұшырылым «Союз» зымыран тасығышы бастау алар кешенінен «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-алаңынан бастау алды және штаттық режимде өтті.

         «Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

         Ұшудың мақсаты: Халықаралық ғарыш стансасына экипаж жұмысының тіршілігіне және станцияның жұмыс істеуіне қажетті жанармай, азық-түлік, су секілді жүктерді жеткізу.

«Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесін ресейлік «С.П. Королева атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы құрастырған және ол орбиталдық стансаны жабдықтау үшін «Союз» зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығатын пилотсыз транспорттық жүк кемесінің сериясына жатады.

 

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі