Байқоңырда Юрий Гагаринді еске алу рәсімі өтті

25.04.2012

Байқоңырда Юрий Гагаринді еске алу рәсімі өтті

Бүгін  Жер шарының  тұңғыш ғарышкері    Юрий Гагарин  мен   әскери   ұшқыш  Владимир   Серегиннің    Миг-15  УТИ   жаттығу  ұшағымен    апатқа ұшыраған    күн.  Қайғылы оқиға   осыдан  42 жыл  бұрын     Новоселово деревнясының  маңында орын  алған    болатын.
«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабаралғандай, Юрий Гагарин мен  Владимир  Серегин опат болған жерде бүгін азалы жиын  өтеді.  Ғарышкерлер, ғарыш-зымыран    саласының  басшылары мен ардагерлері,  жергілікті тұрғындар мен әкімшілік өкілдері ғарышкерлерді  еске алады.
Байқоңырда  ұшу сапары алдындағы дайындықта жүрген «Союз ТМА-18» кемесінің  қосалқы экипажы бүгін, Тұңғыш  ғарышкерді еске алу күні, Юрий Гагарин мен Сергей Королевтің  ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Байқоңыр әкімшілігінің  басшысы Александр Мезенцев     ғарышкерлер - Александр Самокутяев, Андрей Борисенко және Скотт Келлиге ескерткіш  күміс  төсбелгілер және ғарыш саласын дамытуға қосқан үлестері үшін сертификаттар  табыс етті.