Бейбіт Атамқұлов ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті

19.10.2018

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты серіктестіктің әскери-техникалық және ғарыш, киберқауіпсіздік салаларындағы түрлі қырлары талқыланды.

Келіссөздер барысында  ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі 2013 жылдың қыркүйегінде Астанада қол қойған ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және қолдану туралы Келісімшартты әрі қарай іске асыруды жалғастыруға ден қойылды.

Қазақстан тарабы қытайлық жоғарытехнологиялы компанияларды аталған салаларда серпіліс жасайтын, өзара тиімді жобаларды бірігіп іске асыруға шақырды.

Қазғарыштың баспасөз қызметі