Бүгін адамның ғарыш кеңістігіне алғашқы ұшуының 58 жылдығына орай ғарыш маркаларының көрмесі өтті.

17.04.2019

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясы Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, ғарыш кеңістігіне адамның алғашқы ұшуының 58 жылдығы құрметіне А.Е. Карповтың коллекциясынан ғарыш маркаларының көрмесін, сондай-ақ А.А. Леоновтың картиналарының репродукцияларын өткізді.

Көрменің ресми ашылу салтанатына ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі М.Р. Нұрғожин, ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі А. Райымқұлова, ҚР ЦДҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Е. Шаймағамбетов және басқалар қатысты.

Іс-шарада вице-министр А. Райымқұлова құттықтау сөз сөйледі.

Өз кезегінде, вице-министр М. Нұрғожин А. Карповқа Қазғарыштың пошта маркасын конверттегі арнайы пошта штемпелімен табыс етті.

Шарада ары қарай қонақтар көрмені аралап, ғарыш маркаларын көрді, сондай-ақ түрлі шығармалармен танысты.

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: