Бүгін Аэроғарыш комитеті төрағасының Кубогына арналған үстел теннисі турнирі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

23.04.2019

Бүгін сағат 15:00-де "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК " АҚ-да Аэроғарыш комитеті төрағасының Кубогына арналған үстел теннисі турнирі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 13 сәуірінде "Адамзаттың алғаш ғарышқа ұшу халықаралық күніне" орай ҚР ЦДҚАӨМ және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізіліп, оған 15 команда қатысқан болатын.

Бүгін сол жарыстың жеңімпаздары марапатталды. 1-ші орын иегерлеріне Аэроғарыш комитетінің төрағасы Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы атындағы кубок табыс етілді. Сондай-ақ үстел теннисінің үздік ойыншылары да анықталды.

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК "АҚ командасы 1-орынға ие болды.

"Ғалам-1" ЖШС құрама командасы жүлделі 2-орынға ие болды.

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы-1" АҚ құрама командасы 3-орынға ие болды.

Ерлер арасындағы үздік ойыншы: Сурков Андрей ("ҚҒС" АҚ»)

Қыздар арасындағы үздік ойыншы: Досжанова Диана Витальевна ("ҚҒС" АҚ»)

Аэроғарыш комитетінің төрағасы Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: