«KADEX-2018» көрмесі аясында жетекші ғарыш компаниялары «Ғарыш» павильонында өз жетістіктерін көрсетті

25.05.2018

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өткізіп жатқан V Халықаралық «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында №6 «Ғарыш» павильоны өз жұмысын жалғастыруда.

«Ғарыш» павильоны «KADEX - 2018» көрмесіндегі 10 павильонның бірі, оның жалпы аумағы 1322 шаршы метрді құрайды.

Павильонда әлемнің 9 елінен 13 компанияның экспозициясы орналастырылған.

Шетел компаниялары ұсынып отырған жетістіктері мен әзірлемелері туралы айтатын болсақ:

THALES ALENIA SPACE итальяндық компаниясы ғарыш саласында бірқатар шешімдерді ұсынды. Олардың ішінде: радар спутнигі, телекоммуникациялық спутник, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мысалында радар және оптикалық суреттерін біріктіруін қолданудың көрсетілімі. Сонымен қатар, компания Астана қаласы мысалында радар спутниктерін қолданудың терең сараптамасын көрсетті.

Аэроғарыш ғылым мен техника Қытай корпорациясының сыртқы сауда компаниясы болып табылатын «Ұлы қорған» қытайлық өндіріс корпорациясы коммерциялық ұшырулар, спутниктерді салу және аэроғарыш техника бойынша халықаралық ынтымақтастық туралы ақпарат ұсынды.

Швейцарияның LeicaGeosystems компаниясы келесі озық әзірлемелерді ұсынды: кез келген объект пен жердің дәлдігі жоғары координаттарды алуға арналған электронды тахеометр, күрделі мәліметтерді нақты 3D модельдерге айналдыратын GPS қабылдағышы, үш өлшемді мәліметтерді (түсірілім, сызба, жоспар және т.б.) және жоғарғы сапалы суреттерді тез арада алуға мүмкіндік беретін лазер сканері, сондай-ақ цифрландыру мен Smart city-ді жүзеге асыру жұмыстарында қолданылатын мобильді картография үшін жүйесі.

ArianeGroup француздық концерн (Safran және Aırbus еншілес компаниясы) ғарыштық кеңістікті бақылау арқылы ғарыштық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шешімдерді ұсынады. Олар орбитадағы түрлі объектілерді (спутниктер мен ғарыштық қоқыс) қадағалай алады. Ұсынылып отырған шешімдер GEOTracker телескоптардың негізінде жасалған және ғарыштық кеңістікте болып жатқан нақты жағдайды көрсете алады.

«Ғарыш» павильонында өз қызметін көрсетіп жатқан Франция елінің тағы бір компаниясы, нақты айтқанда SEREME компаниясы ғарыш саласы үшін үлкен вибрациялық және акустикалық сынамалар бойынша шешімдер ұсынуда. Олар үлкен реверберациялық камера, подшипниктер бар вибрациялық стенд, гидростатикалық подшипниктерді және басқа да өнімдер туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, «Ғарыш» павильонында «Роскосмос» Мемлекеттік корпорация кәсіпорындарының экспозициялары орналасқан: «М.ФРешетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ және «Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық» Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны. Соңғылары өз экспозиция аясында «Протон» зымыран тасығыштардың макеттерін көрсетті: «Протон-Л» (Протон Medium) екі сатылы зымыран тасығыш және «Протон-М» үш сатылы зымыран тасығыш. Сондай-ақ, олар ұшырулардың қоршаған ортаға техногендік әсерінің деңгейін төмендетуге арналған ұшуды басқару жүйесі туралы айтып берді. 

Ғарыштық зерттеулер бойынша Үндістан ұйымының (ISRO) коммерциялық бөлімі Antrix Corporation Limited Үндістан ғарыштық бағдарламасының өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат беріп, спутниктер мен зымырандардың модельдерін ұсынды.

Белорусь ұйымы «Көпфункционалды пилотсыз кешендер ғылыми-өндірістік орталығы» «KADEX-2018» көрмесінде түрлі мақсаттағы пилотсыз ұшу аппараттардың (ПҰА) макеттерін көрсетті, оның ішінде: «Бусел М40», «Бусел М50» ПҰА және «Буревестник» пен «Ястреб» барлау ПҰА. Сондай-ақ ПҰА үшін түрлі мақсаттағы жүктемелер көрсетілген.

Тағы бір беларусь компаниясы «НТЛаб-ИС» өз элемент базасында жасалған әзірлемелерді ұсынды: дәлдігі жоғары навигациялық модульдер, кедергілерден қорғалған қабылдағыштар, әуе және жер үсті объектілерді басқару құрылғылар.

ImageSat International NV (Израиль) компаниясы оптикалық және радар спутник сенсорларының жұмысына негізделген әскери және азаматтық ұйымдар үшін түрлі сервистерді ұсынды. Бұл сенсорлар кең және нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Шетел компаниялар – «Ғарыш» павильонның мүшелері ғарыштық қызметі саласындағы әлемдік жетістіктермен танысу және тәжірибе алмасу алаңы ретінде «KADEX-2018» көрмесінің жоғары маңыздылығын атап өтті. Олардың барлығы Қазақстан ұйымдарымен ынтымақтастықты орнатуға және одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Айта кету керек, «KADEX» көрмесі өтіп жатқан уақыттан бері отандық және әлемдік ғарыш жетістіктеріне арналған жеке павильон алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Көрме қонақтары мен қатысушылары отандық ғарыш қызметінің жетістіктерімен Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) павильонында таныса алады.

V Халықаралық «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ү.ж. 23-26 мамыр аралығында өтетінін және көпшілік үшін Көрме 25-26 мамыр күндері ашық болатынын еске саламыз.

 

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: