ҚАӨМ түркиялық «ASELSAN» басшылығымен кездесу өтті

19.10.2018

Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов түркиялық «ASELSAN» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы – Бас директорі Хелук Гёргюнмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «Қазақстан Аселсан инжиринг» бірлескен кәсіпорнының әрі қарай даму мүмкіндіктерін талқылады. Бірлескен жоба жұмысын бастағалы «ASELSAN» компаниясы кәсіпорынға 40 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салғаны сөз болды. 

«ASELSAN» компаниясы бүгінгі таңда Түркияның ірі қорғаныс кәсіпорындарының бірі. Және әлемнің 100 қорғаныс кәсіпорындарының рейтінгінде 58 орында («Defense News Top 100»).

Анықтама: 2013 жылдың желтоқсанында Астанада «Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС бірлескен кәсіпорны ашылды.  Ал 2014 жылдың қаңтарында зауыт ең алғашқы өнімін берді. Қазіргі таңда зауытта 100 маман қызмет етеді, барлық өндіріс іске қосылған.

«Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС (ҚР ҚАЭМ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) қазақстандық күштік құрылымдар үшін электрондық және электронды-оптикалыө өнімдер жасайды. Бұл – байланыс жүйелері, тепловизорлар, қаруға арналған күндізгі және түнгі көздеуіш, сондай-ақ оқ атуды электронды тұрақтандыру жүйесі.

Қазақстандық қорғаныс кәсіпорны қару-жарақ және әскери техникалардың халықаралық көрмелеріне болашақта сыртқы нарықта шығу мақсатымен белсенді түрде қатысады. 

Зауыттың өнімі биыл IV халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери техника мүлкінің көрмесі мен IV «Kazakhstan Security Systems - 2018» қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс бойынша конференция көрмесінде өзінің тиісті бағасын алды. .

«Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС өз өнімдерін 2018 жылдың 23-26 қазаны аралығында Мәскеуде өтетін XXII «INTERPOLITEX- 2018» халықаралық көрмесінде, сондай-ақ 14-16 қараша аралығында Ташкент қаласында өтетін 10-шы Орта-Азиялық халықаралық көрмесінде таныстыруды жоспарлап отыр.

Қазғарыштың баспасөз қызметі