ҚАӨМ Жобалық кеңсесі отандық жобалық басқарудың озық тәжірибелерін зерделеуде

21.09.2018

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жобалық кеңсе өкілдері «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сарапшыларымен жобалық басқару мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

 «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ өкілдері қолданысы Орталықтың тұрақты коммерциялық нәтижелер бағасы мен жетістіктерін қалыптастыруға баса назар аудара отырып коммерциялық бағдарланған нысаналы операциялық модельге көшуді сапалы және мерзімінде аяқтауға мүмкіндік берген жобалық басқаруды енгізу бойынша ұсынымдарымен бөлісті. Бизнес нәтижелерді одан әрі өсіру үшін Орталықта Жобалық Басқару мәдениеті мен тәжірибелері енгізілуде.

 «Бізбен орталықтың коммерциялық операциялық нысаналы моделіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ тек қана мемлекеттік бюджеттен ғана емес, сондай-ақ коммерциялық қызметтерден қаржыландырылады. Орталықтың бюджетіне түсетін қаржы көлемінің 50%, коммерциялық қызметтер көрсетуден тұрады», - деп атап өтті «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Жобалық кеңсе басшысы Шолпан Сапарғали.

Өз кезегінде, Министрлік қызметкерлері Министрлікте енгізілген жобалық басқару қызметі жүйеі туралы айтты. Министрліктің жобалық кеңсесі алдында тұрған сын-тегеуріндер және ағымдағы қызмет нәтижелері туралы хабарланды.

Кездесу соңында, Министрліктің және «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптесітік орталығы» АҚ қызметкерлері жобалық басқаруды енгізудің сәтті тәжірибе алмасу бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруда сенім білдірді.

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: