Қазақстан мен Беларусь жерді қашықтықтан зондтау деректерін алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

25.10.2019

Бүгін Ақордада Беларусь Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Беларусь Ұлттық Ғылым Академиясы арасында жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім бейбіт мақсаттар үшін ғарыш түсірілімдерімен алмасу мүмкіндігін, оларды ұлттық мүдде, атап айтқанда экономика мен ғылымды дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, сондай-ақ серіктес мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында пайдалануды көздейді.

Белоруссияның Ұлттық Ғылым Академиясы Беларусь Республикасының Жоғары мемлекеттік ғылыми ұйымы ретінде ақпараттандыруды дамытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде, соның ішінде ғарыштық зерттеулер саласына басшылық етеді.

Бұл құжат 2017 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімде бекітілген ынтымақтастық туралы алдыңғы уағдаластықтардың қисынды жалғасы.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: