Қазақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастықты арттыра түспек

25.10.2018

ҚР Қорғаныс жәнне аэроғарыш өнеркәсібі минитсрі Бейбіт Атамқұлов Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

Кездесу барысында қорғаныс-өнеркәсіп кешені, киберқорғаныс және ғарыш салаларының түрлі аспектілері талқыланды. 

Әсіресе, әскери-техникалық ынтымақтастық аясында түрік компанияларымен бірлескен жобаларды дамытуға баса назар аударылды.

Айта кету кеерк, Қазақстан әлемнің 100 үздік қорғаныс кәсіпорына кіретін Түркияның ірі қорғаныс--өнеркәсіп кәсіпорны – «ASELSAN» компаниясымен жақсы ынтымақтастық орнатып келеді.

«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорны (ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) қазақстандық әлеуетті құрылымдар үшін электронды және электронды-оптикалық өнімдер өндіреді. Бұл – байланыс жүйелері, теледидарлар, түнде көздеу атыс қарулары, сондай-ақ атысты электронды тұрақтандыру.

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: