Қазғарыш делегациясы Үндістанда өткен ғарыштық технологиялар көрмесіне қатысты

25.04.2012

Қазғарыш делегациясы Үндістанда өткен ғарыштық технологиялар көрмесіне қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы тамыздың 25-28 аралығындағы Bengaluru Space Expo 2010 атты екінші халықаралық инновациялық ғарыштық технологиялар көрмесі өткен Үндістанның Бангалор қаласынан оралды.
Азия аумағындағы алғашқы болып өткен «Бангалор Спейс Экспо»  ғарыштық көрмесінің тарихы 2008 жылдан басталады, оны Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы (ISRO) Үнді өнеркәсібі ұйымының және Antirx корпорациясының көмегімен ұйымдастырған.
Көрменің ашылу салтанатында ISRO басшысы Кумарасвами Радхакришнан негізгі тақырып ғарыш саласындағы өнеркәсіптің рөлі туралы болатындығын атап өтті. Ол «үнді ғарыш өнеркәсібіне ірісінен бастап, 50 кішкентай компаниялардың қатысатындығын» мысал ретінде айтып өтті.
Қазғарыш ғарыш қызметінің даму стратегиясы департаментінің директоры, делегация жетекшісі Бағлан Қазиев қазақстандық мамандардың көрмеге қатысуы, Antirx корпорациясыының өкілдерімен спутниктік жүйені құрау мәселелері жөнінде әңгіме қозғауы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы арасында ғарыш қызметі саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде былтырғы жылы қол қойылған меморандумның жүзеге асырылуындағы тағы бір тәжірибелік қадам болғанын айта кетті.