«KazSat-2 ғарыш аппаратын жоспарлы ауыстыруға арналған «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру туралы баспасөз хабарламасы

05.11.2018

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  іске асырылатын перспективалық жобаларының бірі  «KazSat-2»  ғарыш аппаратын жоспарлы ауыстыруға арналған  «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру»  жобасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін меншікті байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесін құрудың және дамытудың іс жүзіндегі маңызды және стратегиялық мәні бар. «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының ресурстары базасындағы спутниктік  байланыс желілері  елді қазіргі заманғы және сапалы байланыс қызметтерімен 100 % қамтумен қатар, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндетті орындап келеді.

«KazSat-2R» телекоммуникациялық спутнигін оны ҒА-ны пайдалануға берген сәттен бастап  86,5°ш.б позициясындағы ГСО-да орналастыра отырып, кем дегенде 15 жыл белсенді жұмыс істеу мерзімімен іске асыру жоспарланып отыр.

«KazSat-2R» ҒА ресурстары «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде спутниктік байланыстың бекітілген арналарын ұйымдастыру үшін қолданылатын болады. Бұл  интернетке тегіс кеңжолақты қолжетімділікті, соның ішінде елдің жетуі қиын селолық елді мекендерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің – Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның түпкі тұтынушыларына (мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар, корпоративтік және жеке секторлар) кейін телекоммуникациялық қызметтерді беру мақсаты да көзделіп отыр.

«РҒБО» АҚ бағдарламаның әкімшісінің – ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің тапсырмасы бойынша 2016 жылы жобаны іске асыруға кірісті. Компанияның мамандары инвестициялық ұсыныс әзірледі, оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мақұлдады. Қазіргі кезде «РҒБО» АҚ «KazSat-2» ғарыш аппаратын жоспарлы ауыстыру үшін «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме және техникалық тапсырма  әзірлеуде.

Қазіргі уақытта «KazSat-2» және «KazSat-3» ұлттық ғарыш аппараттары сәтті жұмыс істеп тұр, олардың ресурстарын 15 спутниктік оператор пайдалануда, Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша спутниктік байланыстың 11 000 астам жерүсті станциялары жұмыс істеуде.

Қазғарыштың баспасөз қызметі