Кезекті экипаж «Союз ТМА-18» ғарыш кемесін қабылдап алды

25.04.2012

Кезекті экипаж «Союз ТМА-18» ғарыш кемесін қабылдап алды

«Байқоңыр» ғарыш айлағының 254-ші алаңындағы құрастыру-сынақ корпусында дүйсенбі, наурыздың 29-ы күні «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипаждарының екінші жаттығуы өтті, деп хабарлайды «Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Энергия» ресейлік ғарыш корпорациясының бірінші вице-президенті Николай Зеленщиков ғарышкерлермен нұсқаулық жүргізді.
Негізгі экипаждың мүшелері - ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Михаил Корниенко және американдық астронавт Трейси Колдвел-Дайсон «Союз ТМА-18» ғарыш кемесін қабылдап алды, ондағы жеке заттарының орналастырылуын, бірінші жаттығу кезінде және скафандрларды өлшеу кезінде айтқан ескертулері мен ұсыныс-тілектерінің орындалуын тексерді.
Жаттығудан кейін құрамына Александр Скворцов, Михаил Корниенко, Трейси Колдвел-Дайсон, Александр Самокутяев, Андрей Борисенко және Скотта Келли кірген екі экипаждың да мүшелері «Союз» зымырантасымалдағышын қарап шықты, сондай-ақ №2 айлақтағы ғарыш тарихы мұражайында болды.
Кезекті экипаж мінген «Союз ТМА-18» кемесінің Халықаралық ғарыш стансысына сапары сәуірдің 2-сіне жоспарланып отыр.