Қорғаныс кәсіпорындарын жаңғырту еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді – ҚР ҚАӨМ Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры Марат Қарабаев

25.10.2018

2016 жылғы 6 қазанда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) құрылған кезінен бастап, оған Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қажетті қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды.

Біз Министрліктің екі жылдық жұмыс қорытындылары бойынша отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін (ҚӨК) дамытуды жүйелендіру бойынша қандай жұмыстар жүргізілгені және қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы ҚР ҚАӨМ ҚӨК дамыту департаментінің директоры Марат Қарабаевпен сөйлестік.

Сонымен, спикердің ойынша бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі сенімді түрде қарқын алуда. Жаңа көзқарастарды жүзеге асыру нәтижесінде қорғаныс өнеркәсібі бірқатар мақсатты көрсеткіштер, оның ішінде еңдек өнімділігі бойынша өсімді көрсетіп отыр.

«Біздің ҚӨК кәсіпорындары шығаратын өнімдер сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болып табылады. Одан басқа, әскери техниканы әзірлеу азаматтық салада да қолданылатын жоғары ғылымды қажет ететін технологияларды дамыту үшін серпін болып табылады» - деп атап өтті.

Сала алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін кәсіпорындардың қолда бар қуаттылығын жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру қажет. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау және



қару-жарақтың перспективалық жүйелерін әзірлеу үшін салаға жоғары білікті мамандардың келуі қажет.

М. Қарабаев айтқандай, жоғары білікті мамандарды тартуға ықпал ететін шарттардың бірі еңбекақының өсуі еңбек өнімділігін арттырудың озыңқы қарқыны болып табылады. ҚӨК-ке жоғары білікті мамандарды тарту еңбек өнімділігінің өсуіне және осы салада жоғары технологияларды жасауға сапалы серпін бермек.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені – 8 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған 40-тан астам кәсіпорыннан тұратын ғылымды қажет ететін жүйе.

Барлық ҚӨК-тің ядросы 20-дан астам машина жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 2003 жылы құрылған «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы болып табылады.

Марат Қарабаев өзінің Министрліктегі жұмысында өнеркәсіп инфрақұрылымын жаңғыртуға және шығарылатын өнімдер тізбегін әртараптандыруға күш салатынын  айтты.

Соңғы жылда қорғаныс-өнеркәсіп кешені зауыттарында станок паркін, технологиялық жабдықтарды жаңарту басталды.

2017 жылы еңбек өнімділігі 52 644,5 АҚШ долл. құрады және



2016 жылмен (32 789,6 АҚШ долл.) салыстырғанда 60 %-ға өсті. Бұл машина жасау саласындағы орта республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.

Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу өндіріс технологияларына жаңа әдістерді енгізудің, кәсіпорындарды жүктеудің және ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сауатты менеджментінің арқасында іске асты.

Жоспарланып отырған «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ жаңғырту аясында өндірістік қордың 40% жаңартылатын болады.

Жаңғырту кәсіпорындарға өндірілетін бұйымдарды оқшаулауды ұлғайтуға және көтеру агрегаттары, ұңғыларды цементтеуді бақылау жүйелері сияқты азаматтық мақсаттағы өнімдердің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.

Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 100-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, жыл сайын бюджетке салықтық төлемдер түрінде шамамен 1 млрд. теңге құйылатын болады, ал кәсіпорындардың өнімділігі 1,5 есе артады.

Зауыттарды одан әрі қорғаныс, сондай-ақ азаматтық өнімдермен жүктемелеу 2021 жылы өнімдер көлемін 40 %-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Қазғарыштың баспасөз қызметі