Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Киберқауіпсіздік күні» аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өңделген ақпаратты қорғау бойынша семинар және практикалық тренинг өткізілді

28.09.2018

Іс-шараға басшы құрамы, сондай-ақ Министрліктің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар «Ғарыш Сапары» АҚ, «Транстелеком» АҚ-ның Ақпараттық қауіпсіздіктің индустриалдық жедел орталығы және Орталық Азиядағы Касперский зертханасының өкілдігі.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлеріне компьютерлік шабуылдардың ең жиі кездесетін түрлеріне қарсы ақпараттық қауіпсіздік пен әдістерді қамтамасыз ету үшін қажетті тәжірибелер көрсетілді.

«Нақты уақыт» жағдайында әзірленген «Kaspersky Interactive Protection Security» тренингіне негізделген ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің практикалық дағдыларын қалыптастыру барысында іс-шараға қатысушылар қорғалатын объектіге компьютерлік шабуылдар серияларына қарсы іс-әрекетті және қорғауды ұйымдастыру бойынша әртүрлі сценарийлерді әзірледі, бейінді мемлекетпен органдармен, бағдарламалық қамтылым әзірлеушілерімен және БАҚ-пен қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етті.

Орталық Азиядағы Касперский зертханасының жетекшісі Евгений Питолин өз әсерлерімен бөлісті: «Менің ойымша, бүгінгі оқиға – өте маңызды күн. Біріншіден, басшыларға және қатардағы қызметкерлерге ұйымға оның динамикасында кибершабуылдан шетте қалу мүмкін емес екендігін көрсету өте маңызды. Сіз әрдайым зиянкестердің буыны немесе аралық мақсаты болып қалуыңыз мүмкін. Екіншіден, шабуыл әдістеріне қарсы тұрудың, әсіресе әлеуметтік инженерияны қолданудың негізгі дағдыларын білу тек қызметкер үшін ғана емес, АКТ жетістіктерін пайдаланатын адамдар үшін де маңызды. Үшіншіден, бүгінгі күні министрлік қызметкерлерінің көпшілігі осы сессияға қатысуы қауіпсіздік мәдениеті мәселелеріне игерілген көзқарас ақпаратпен жұмыс істеудің ажырамас атрибутына айналатынына сенім береді.

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі