ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Талғат Мұсабаевпен кездесті

01.07.2019

Ширек ғасыр бұрын тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа сапар шегіп, ұзақ мерзімді ғарыш бағдарламасын орындады. Бұл тарихи оқиғаның  Қазақстанның ғарыш саласы үшін маңызы зор.

Асқар Жұмағалиев Талғат Мұсабаевты айтулы датамен құттықтай келе, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде, 25 жыл бұрын ғарышқа жасалған алғашқы сапары саланың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің құттықтауын жеткізіп, Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшуының 25-жылдық мерейтой құрметіне  орай "Союз" зымыран-тасығышының жанында тұрған ғарышкердің мүсінін сыйға тартты.

Бүгінгі кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ аэроғарыш саласында қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың қызметкерлері де қатысты.

Анықтама

1994 жылғы  1 шілдеде -Талғат Мұсабаев «Союз ТМ-19» ғарыш кешенінде ЭО-16 борт инженер ретінде Ю. Маленченко және В. Поляковпен бірге ғарышқа алғаш рет ұшты. Ғарыш экспедициясы кезінде 126 тәулік " Мир " станциясында жұмыс істеді. Өзінің алғашқы ұшуы барысындаТалғат Мұсабаев 2 рет ашық ғарышқа шығып, 11 сағат 7 минут уақытын ашық ғарышта өткізді. 1994 жылғы 4 қарашада экипаж  Жерге оралды.

Талғат Мұсабаев  ғарышқа 3 рет сапар шекті - 1994, 1998 және 2001 жылдары, жалпы ұшу уақыты - 341 тәулік 10 сағат. Ол ашық ғарышқа 8 рет шығып, онда 42 сағат жұмыс істеді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: