ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев Канада елшісі Н.Бруссомен кездесті

24.05.2019

Кездесуде Қазақстанның инновациялық экожүйесінің ахуалы мен  дамуы, канадалық IT-компаниялардың Astana Hub халықаралық технопаркімен өзара іс-қимыл әлеуеті және отандық стартап-жобаларды дамыту үшін венчурлік инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Канадалық делегация мүшелерін қабылдай отырып, Асқар Жұмағалиев бүгінгі таңда елімізде цифрлық технологияларды пайдалану есебінен экономиканың даму қарқынын жеделдетуге және әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижелері туралы әңгімелеп берді. «Осы тұрғыдан алғанда, IT саласындағы инновацияларды дамытуда әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын Канадамен арадағы ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болады. Бұдан басқа, "Astana Hub" базасындағы әлеуетті бірлескен жобалар стартаптарды дамытуға және оларды ішкі және әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі кездесу барысында.

Қазақстандағы цифрландыру және инновациялық экожүйені дамытудың жетістіктерін Канада Үкіметінің инновациялық технологиялар жөніндегі бас кеңесшісі Питер Ван Дер Грахт жоғары бағалады. Әсіресе, оны біздің елімізде кеңжолақты интернетті енгізу қарқыны таң қалдырды, қонақ осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемнің көптеген елдерден озық тұрғанын  атап өтті. Асқар Жұмағалиевті АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологиялар) секторымен танысу үшін Канадаға шақыра отырып, канадалық Үкімет өкілі өздерінің диалогқа ашық екенін, қазақстандық тараппен өзара тәжірибе және технологиялармен алмасуға дайын екенін жеткізді.

Тараптар ымыраластық қана болашақта табысқа жетудің кепілі болмақ, сондықтан қазіргі маңызды міндет – Қазақстанның инновациялық дамуының негізгі салалары болып табылатын әлеуетті барынша жедел жүзеге асыру керек  деген ортақ пікірге келді.

ҚР ЦДҚАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: