ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қызметкерлері Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

04.07.2018

Бүгін Астана қаласындағы «Қобыз сарайы» концерт залында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктің (ҚР ҚАӨМ) және оның қарамағындағы немесе сенімді басқаруындағы кәсіпорындардың басшылығы мен еңбек ұжымдары қатысуымен Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жиналған қауымды осы айтулы мерекемен құттықтап, бүкіл Қазақстан халқы үшін Астананың ерекше мәртебесі мен маңыздылығын атап өтті.

Мерекелік іс-шара барысында Министрліктің, соның ішінде Аэроғарыш комитеті және оның қарамағындағы ұйымдардың үздік қызметкерлерін мерейтойлық және ведомстволық наградалармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.      

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен:

Нұрғожин Марат Рахмалиұлы – ҚР ҚАӨМ Вице-министрі;

Нұрғалиев Ерғазы Мейрғалиұлы – ҚР ҚАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  Президенті;

Ажмолдаев Мағауия Әділжанұлы – ҚР ҚАӨМ АК «Инфракос» РМК Бас директоры;

Жұбатов Жайлаубай Қызылбайұлы –ҚР ҚАӨМ АК «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК Бас директоры марапатталды.

Ғарыш саласын дамытқаны үшін ҚР ҚАӨМ-нің «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен келесі қызметкерлер марапатталды:

Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы – ҚР ҚАӨМ Министрінің кеңесшісі;

Омаров Шыңғыс Төкенұлы – ҚР ҚАӨМ АК «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Президенті;

Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – ҚР ҚАӨМ АК «ҰҒЗТО» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС Директоры;

Жұбатов Жайлаубай Қызылбайұлы – ҚР ҚАӨМ АК «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК Бас директоры;

Джуванышева Мирамкүл Құттықызы – ҚР ҚАӨМ АК «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: