ҚР ҚАӨМ-де қорғаныс және аэроғарыш сала қызметкерлерін марапаттады

05.07.2018

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктің (ҚР ҚАӨМ) және ҚӨК мен ғарыш саласы кәсіпорындарының еңбек ұжымдары қатысуымен Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов қорғаныс және аэроғарыш сала қызметкерлерін осы айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Өз сөзінде ол өткен жылдар ішінде Астана Қазақстан тәуелсіздігінің белгісіне және еліміздің қоғамдық-саяси өмірдің орталығына айналғанын атап өтті. Астана өзінді ірі халықаралық алаңдарының тәжірибелі ұйымдастырушысы және орындаушысы ретінде көрсете білді.

2018 жылы мемлекетіміз үшін басты іс-шаралардың бірі ҚР ҚАӨМ алғаш рет ұйымдастырған «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесінің өткізілуі еді. Көрме қорытындыларына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жолдау, бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру бойынша 300 млрд. теңге соммаға 100-ден астам келісімдер, шарттар, меморандумдар және хаттамаларға қол қойылды.

Салтанатты жиын барысында Б. Атамқұлов қорғаныс және аэроғарыш саласындағы үздік қызметкерлерін «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградалармен, «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ Министрліктің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттады.

Марапаттау рәсімі мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында ҚР ҚАӨМ және оның қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлеріне барлығы 38 «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдар, 75 ведомстволық наградалар, 79 алғыс хат пен 35 құрмет грамоталар берілді.

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: