ҚР ҚАӨМ-де Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесу өтті

23.10.2018

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Имтиаз Ахмад Казимен кездесті.

Келіссөз кезінде тараптар ортақ қызығушылық тудыратын – қорғаныс өнеркәсібі, киберқорғаныс және ғарыш салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін білдірді. 

Әскери-техникалық қызмет бойынша да ынтымақтастықты жетілдіре түсу жұмыстары жалғасатын болады.

Қазғарыштың баспасөз қызметі