ҚР ҚАӨМ қызметкерлері спартакиадаға қатысты

29.09.2018

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында (Астана қ.) «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдары арасында спартакиада өтті. Бұл шараға бірнеше команда қатысып, мини-футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен үздік шығу үшін бақ сынасты.

Турнирді «Нұр Отан» партиясының Астана қалалалық филиалы ұйымдастырды.

Кешке спартакиаданың жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталмыш шараның мақсаты бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мен дамыту және бастауыш партия ұйымдары арасындағы өзара қатынасты нығайту болып табылады.

Спартакиада қорытындысы

Волейбол жарысы бойынша:

1 орын – «Самғау» (ҚР ПӘ және ҚР Президентінің Телерадио кешені) командасы

2 орын – «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» (ҚР ПІБ) командасы

3 орын – «Қалқан» (ҚР ҚАӨМ) командасы

Шахмат жарысы бойынша:

1 орын – «Қаржыгер» (ҚР ҚМ) командасы

2 орын – Президенттің іс басқармасы «Инженерлік-техникалық орталық» (ҚР ПІБ) командасы

3 орын – «Самғау» (ҚР ПӘ және ҚР Президентінің Телерадио кешені) командасы

4 орын – «Қалқан» (ҚР ҚАӨМ) командасы

Үстел теннисі жарысы бойынша:

1 орын – «Мәдениет» (ҚР МСМ) командасы

2 орын – «Қаржыгер» (ҚР ҚМ) командасы

3 орын – «Қалқан» (ҚР ҚАӨМ) командасы

Мини-футбол жарысы бойынша:

1 орын – «Самғау» (ҚР ПӘ және ҚР Президентінің Телерадио кешені) командасы

2 орын – «Салауатты өмір» (ҚР ДМ) командасы

3 орын – «Ақпарат» (ҚР АКМ) командасы

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: