ҚР ҚАӨМ-нде Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшімен кездесу өтті

23.06.2018

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Ресей Федерацияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А.Бородавкинмен кездесті.

Кездесу барысында ғарыш саласы, киберқауіпсіздік және қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі екіжақты қатынастардың түрлі аспектілері талқыланды. 

Тараптар «Байқоңыр» кешеніндегі бірлескен жобаларды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. 

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі