Астанада Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы Министр Б.Б. Атамқұловтың төрағалығымен өткізілді.
Оның құрамы күш құрылымдары, қорғаныстық кәсіпорындар және ғылыми ұйымдардың өкілдерінен тұрады.
ҒТК отырысы барасында келесі бағыттар бойынша 25 ғылыми-техникалық жобалар қаралды:
- «Қорғаныс-өнеркәсіп кешені»;
- «Ақпараттық қауіпсіздік»;
- «Қазақстан Республикасында ұшқышсыз ұшатын апараттар өндірісін ұйымдастыру»;
- «Электрондық өнеркәсіп».
ҒТК отырысы нәтижелері бойынша кеңес мүшелерімен қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласында 8 жоба, ақпараттық қауіпсіздік саласында 5 жоба, ҰҰА өндірісін ұйымдастыру саласында 1 жоба, электрондық өнеркәсіп саласында 3 жоба мақұлданды.
Барлық көрсетілген жобалар 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми қолданбалы зерттеулердің ғылыми-техникалық бағдарлама жобасына қосу үшін ұсынылды.