ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде жобалық тәсіл арқылы мемлекеттік қызметті реформа жасау

23.10.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   2018 жылғы 5 қазандағы халыққа жолдауын ескере отырып ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырушылық құрылымын өзгертуде.

Министрлікте, басты мақсаты тез өзгеріп жатқан саяси және экономикалық ортаға, әлем дамуының тенденциясына үйренісу үшін кең ауқымды реформаларды өткізу болып табылатын Жобалық кеңсе құрылды.

Өз қызметінде жаңа тәсілдерді сәтті енгізу үшін Министрлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері тұрақты түрде жобаларды басқару бойынша өз құзыреттілігін арттыруда.

2018 жылғы 15 және 19 қазан аралығында Prince2 жобаларды басқару стандарты бойынша, ары қарай сертификаттаудан өтумен бірге, оқуға қатысты.

Prince2 – Ұлыбританияның мемлекеттік басқаруындағы жобалық менеджментінің басты стандарты және де АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдерде сәтті қолданылды.

Мемлекеттік шығындарды азайтуға ұмтылу, саяси шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыру және ары қарай іске асыру, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін жетілдіру және азаматтар мен жеке сектор тарапынан Үкіметке деген сенімді нығайту Министрліктің жобалық кеңсесі жұмысының басты ынталандырушы себептері болып табылады.

Қазғарыштың баспасөз қызметі