Кәсіби байқаудың жеңімпаздары анықталды

26.09.2018

Машина жасаушылар мерекесі қарсаңында (қыркүйектің соңғы жексенбісі) «Петропавл ауыр машина жасау зауытында» фрезеровщиктер мен токарь мамандары арасында кәсіби шеберлік байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты әр маманның өз жұмысына инновациялық және шығармашылық тұрғыдан қарауға ынталандыру және олардың белсенділігін арттыру болып табылады.

Салтанатты шараны «ПАМЗ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ю.Сахаров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай шеберлер тапсырмалар алып, іске кірісті. Мамандар үшін барлық жиған білімі, машығы  мен тәжиребесін іс жүзінде қолданатын аса жауапты сәт туды.

Байқаудың қорытындысы бойынша 2018 жылдың кәсіби шеберлері болып төмендегі жұмысшылар танылды:

Токарьлар арасында:   

1-ші орын – С.Баев, 6-шы разрядты токарь;

2-ші орын – М.Касенов, 6-шы разрядты токарь;

3-ші орын – В.Звягинцев, 5 -шы разрядты токарь.

Фрезеровщиктер арасында:

1 -ші орын – А.Васильченко, 6-шы разрядты фрезеровщик;

2 -ші орын – С.Кальсин, 6-шы разрядты фрезеровщик;

3 -ші орын – С.Лапшин, 4-шы разрядты фрезеровщик.

«Үздік жас жұмысшы» номинациясы бойынша Виктор Звягинцев жеңімпаз атанды. Жалпы байқауды үздік шыққан жұмысшылыр арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар олардың біліктілік разрядтары да жоғарылайтын болады.

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі
Галерея: