NASA астронавты Шеннон Уокер Ұлттық ғарыш орталығына барды.

02.10.2019

Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында АҚШ-тың әйел-астронавты-физика ғылымдарының бакалавры және астрофизика бойынша философия докторы Шеннон Уокер Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында болды.

Кездесуге Қазғарыштың және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылары, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ғалам» ЖШС мамандары қатысты.

NASA астронавты Ұлттық ғарыш орталығы аумағындағы ғарыш техникасының бірегей экспозициясын қарап, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметімен танысты.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ғалам» ЖШС мамандарымен кездесу барысында Шеннон Уокер NASA-дағы өз жұмысы туралы, ғарыш өнеркәсібінің жаһандық үрдістері мен Америка Құрама Штаттарының әлемдік ғарышкерлікті дамытудағы рөлі туралы айтып берді.

Кездесу аяқталғаннан кейін Шеннон Уокер "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ның Құрметті келушілер кітабына қолтаңба қалдырды.

Стоит отметить, Шеннон Уокер полетела в космос на пилотируемом космическом корабле «Союз ТМА-19» 16 июня 2010 года. После полета в космос участвовала в программе NASA, по изучению человеческого организма при нахождении в экстремальных условиях в подводной лаборатории «Aquarius», а также участвовала в экспедиции по антарктическому поиску метеоритов.

Айта кету керек, Шеннон Уокер 2010 жылы 16 маусымда «Союз ТМА-19» басқарылатын ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарышқа ұшқаннан кейін NASA бағдарламасына, «Aquarius» суасты зертханасында болған кезде экстремалды жағдайда адам ағзасын зерттеу, сондай-ақ метеориттерді антарктикалық іздеу бойынша экспедицияға қатысты.

 

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: