Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерімен!

07.05.2019

Құрметті  отандастар!

Сіздерді  7 мамыр – Отан қорғаушылар күні  және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелерімен  шын жүректен құттықтаймын!

Бұл екі дата - қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресі мен ел егемендігі мен тұрақтылығын сақтауда, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғауда мінсіз де адал қызмет ету дәстүрінің  сабақтастығы деп білемін.

Әр отбасы үшін  маңызы зор мереке күндері  Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа жетістіктер мен мол табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін!

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Асқар Жұмағалиев

 

ҚР ЦДҚАӨМ баспасөз қызметі