Ресей мен Қазақстан ғарышкерлері Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығында оқушылармен кездесті

26.05.2018

2018 жылы 23-26 мамыр аралығында Астанада өтетін «KADEX – 2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы алғашқы рет өткізілді, отандық және шетел ғарышкерлері оның құрметті қатысушылары болды.

Форум аясында ғарышкерлер үшін ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті ұйымдастырған арнайы бағдарлама бойынша Ұлттық ғарыш орталығының ғимаратында Астана қаласының № 50 және № 59  мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге Ресей Федерациясының Батыры, Ресей Федерациясының 1 дәрежелі нұсқаушы-ғарышкер-сынақшысы Павел ВИНОГРАДОВ,  Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның ӘӘК генерал-майоры, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Вице-президенті,  Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстанның ӘӘК генерал-майоры, Қазақстан Республикасының  ұшқыш-ғарышкері   Айдын АЙЫМБЕТОВ қарсы алды.

Ұлттық ғарыш орталығының қызық және ерекше ішкі көрінісінен, және ғарышкерлердің жылы және достық ықыласынан  үлкен әсер алған балалар ғарышкерлердің ұшуы туралы, Халықаралық ғарыш стансасында күнделікті жұмыста олармен болған ерекше және штаттан тыс жағдайлар туралы зейін салып тыңдады.

Оқушыларды, әсіресе, ғарышкерлер жасағына қандай ережелермен іріктейтіні және ұшу кезінде адам қандай сезімде болатыны қызықтырды.

«Ғарышта болған әрбір адамның ерекше сезімі  - бұл салмақсыздық күйін сезіну. Салмақсыздық күйде болу адам ағзасына едәуір күш түсіреді. Тіпті өте жақсы дайындалған ғарышкерлер де ұқсас әсермен кездеседі.Туған планетасына оралғаннан кейін оларға әдеттегі өмірге қайта бейімделуге тура келеді», -  деп бөлісті балалармен ресейлік ғарышкер Павел Виноградов.

«Бірақ әрбір ғарышкер үшін, олар үйге оралған кезде өзіне таныс жердің тартылыс күші және әрбір ресейлік ғарышкер үшін сондай жақын Қазақ даласының керемет иісі орасан зор сезім», - деп қосты ол.

«Ғарышта ең керемет және ең әдемі бұл біздің планетамыз. Ешбір суретші бейнелей алмайтын ғажап, қайталанбас бояулар», - деді Тоқтар Әубәкіров.

«Жерімізді, біздің анамызды сақтаңдар. Біздің ғажайып планетамыздың сақталуы,  балалар, сендерге байланысты»,-  деді сөзінің соңында ғарышкер.

Ерекше және қызық сұрақтар үшін оқушылар Қазғарыштың естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Ғарышкерлердің болашақ ұрпақтарға тілекпен Уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі бұл кездесудің ең қызық акциясы болды.

Жолдау «Ғалам ЖШС» жасаған арнайы капсулаға салынатын плакатқа жазылды.

Жолдауды ҚР Халық Қаһарманы, ҚР ұшқыш-ғарышкер Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы, ҚР Халық Қаһарманы, ҚР ұшқыш-ғарышкер Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы, ҚР Халық Қаһарманы, ҚР ұшқыш-ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы, РФ Батыры, ғарышкер-сынақшы Бударин Николай Михайлович, РФ Батыры, Ресей ғарышкері Виноградов Павел Владимирович және РФ Батыры, ҚР ұшқыш-ғарышкер Маленченко Юрий Иванович құрастырды. Аталған құжатқа қол қою кездесу мүшелеріне тапсырылды.

Капсула жабылды және арнайы қорапқа салынды. Қорап «Мұнда ғарышкерлердің болашақ ұрпаққа жолдауы сақталуда. 30 жылдан кейін ашу.» деген жазуы бар тақтайшамен тұғырға қойылды.

 

 

Жолдаудың мәтіні

 

«Ғарышкерлердің болашақ ұрпаққа жолдауы»

«Қазақстандағы Ғарыш күндері: Қазғарыштың 25 жылдығы» Халықаралық форумына қатысушы – ғарышкерлер жазған.

2018 жылғы 24 мамыр, Астана қ.,Ұлттық ғарыш орталығы

 

Құрметті болашақтың адамдары!

 

1961 жылы 12 сәуірде адамдардың барлық кейінгі ұрпақтарының есінде қалатын оқиға болды.

Бұл күні Юрий Гагарин адам дамуында жаңа ғарыш ғасырын ашқан, адамзат тарихында алғашқы рет ғарышқа ұшты.

Біз, ғарышта болу және онда жер міндеттерін шешу, Жердің тартылыс күшін сезіну сәті түскен, осы тарихи ұшудың куәгерлері мен ізбасарларымыз,  біздің планетамыз қаншалықты нәзік екенін білеміз.

Лауазымдар мен регалияларға, қашықтық пен тұрмыс салтына қарамастан, бүкіл адамдардың күшін біріктіріп, біз бірге бейбіт өмір құрдық. Сендер тығыз және жаһандық әріптестікте, Жердің одан әрі дамуы мүддесінде сақтауға және арттыра түсуге, және Ғаламның заңдарына сәйкес өмір сүруге және бейбіт ғарышкерліктің игіліктерімен пайдалануға тиісті әлем.

Біз өзіміздің біліміміз бен тәжірибемізді адамзаттың одан әрі дамуына саламыз, біздің ортақ үйіміз өркендеу және Жерде бейбітшілік орнату үшін бар күшімізді аямаймыз.

Біз Айды, Марсты және басқа алыс планеталарды игеруді жоспарлаймыз. Сендер осы Жолдауды ашқан уақытта, мүмкін, онда Жер планетасының адамдары тұратын болады және Марста алмалар өсер.   

Ал сендер қандай жоспар құрасыңдар? Қандай технологияларды пайдаланасыңдар және адам өркениетін одан әрі дамыту үшін қандай  галактикаларды игеруді жоспарлап отырсыңдар?

Сендер Жердегі ең басты құныдылық – адам өмірінің құнын сақтай алдыңдар деп сенеміз.

Біз адамдардың білімі кеңейіп, адамзат мүмкіндігі нығайды деп сеніміз. Біздің өркениет жаңа планеталар мен галактикаларды игеруде, денсаулық сақтау, қоршаған орта, экология міндеттерін шешуде жоғары биіктіктерге жетіп, техника мен технологиялардың жаңа деңгейіне шықты деп ойлаймыз. Біздің ұрпақ сендерге табыс және өркендеу тілейді!

Жерді сақтаңдар, адамдарды сақтаңдар!

Бейбітшілікте өмір сүріңдер! Жаңалықтар ашыңдар! Өмірді, адамзаттың игілігі үшін даму және еңбек ету мүмкіндігін бағалаңдар!

 

 

 

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: