А. ж.13 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Қазғарыш төрағасының кубогына арналған үстел тенисінен жарыс өтті.

13.04.2019

А. ж.13 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Адамзаттың алғаш ғарышқа ұшу халықаралық күніне орай ҚР ЦДҚАӨМ Аэроғарыш комитеті төрағасының кубогына арналған үстел тенисінен жарыс өтті.

Жарысқа Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Қазғарыш төрағасының кубогы үшін 15 команда бақ сынасты.

Спорт сайысының қорытындысы юойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ командасы 1-орынға ие болды.

"Ғалам-1" құрама командасы жүлделі 2-орынға тұрақтады.

Ал, "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы-1" құрама командасы 3-орын иеленді.

Аталған іс-шараның мақсаты қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және көпшіліктің спортқа деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ корпоративтік рух пен ұйымшылдықты арттыру болып табылады.

Қазғарыштың баспасөз қызметі
Галерея: