Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) алқа отырысы өтті, онда 2018 жылғы қызметтің қорытындысы қаралды және ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттер анықталды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Киров атындағы Машина жасау зауытының, № 405 Авиажөндеу зауытының, «СКТБ» Гранит» ЖШС, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС, «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС қызметімен танысты.

«Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады. Аталмыш техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Astana Hub» ІТ – стартап халықаралық технопарк алаңында  «Цифрлық армия» күнін ұйымдастырды. Оның ашылуы Премьер-Министрдің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өтті.

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ, «№ 405 Авиажөндеу зауыты»  мен «Ростех» корпорациясына қарасты «Вертолеты России» АҚ арасында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды Қазақстанда ұйымдастыру туралы Келісім-шартқа қол қойылды.

Беттер