«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-тың (ХБО) басшылығы Қазғарыш жүйесінің ең ірі ұйымының бірі – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-та болды.
«ХБО» АҚ президенті Саят Нұрбектің айтуы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы осындай кездесулер «нақты белгілі бір аудитория» үшін өткізіледі. «Біз қазіргі таңда елімізді дамытуға арналған приоритеттік бағдарламаларға ҮИИД, «Саламатты Қазақстан» т.б. сияқты бағдарламаларды жүзеге асыратын кадрларды даярлаудамыз» деді ол.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ҚР Үдемелі индустриалдық инновациялық дамыту бағдарламасының аясында бірнеше ірі халықаралық жобаларды жүзеге асыруда және аз болса да алыс шетелде кадрларды даярлау тәжірибесі бар. Орталықтың өкілдері 2012 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау бойынша жаңа шарттары туралы атап өтті. Стипендияның саныны өсуі, жас шектемелерінің жоқтығы, инженерлік-техникалық жұмыскерлердің өзінің таңдауы бойынша шетелдік профильді кәсіпорныдарда сынақтан өтуіне мүмкіндігі бар.
«Бұл жасалған жағдай бізге өте тиімді, өйткені біздің стратегиялық серіктес - EADS Astrium француз компаниясымен мамандарымызды оқыту бойынша келісімшартымыз бар» деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-тың вице-президенті Марат Нұрғожин.
Кездесудің қорытындысы бойынша осы жылдан бастап, компанияның қызметкерлері «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік алу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-тың тиісті қызметтері ұйымдастыру  жұмыстарын шешетін болады.
ҚР ҰҒА Жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевтің айтуы бойынша Қазғарыш халықаралық бағдарламалар орталығымен байланысын нығайтуда. «Бүгінгі күні Қазғарышта 17 «Болашақ» бағдарламасының түлектері қызмет етуде, енді 58-і 9 ғарыш мамандығы бойынша оқуда» деді ол.
Қазақпарат/ Сара Нұрғалиева
01.06.12

2012 жылғы 27 мамырда http://www.novosti-kosmonavtiki.ru сайтында «Казахстан помешал России осуществить летом три космических запуска с «Байконура» атты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланған болатын.
Мақалада көрсетілген ғарыш аппараттарын ұшыру 2011 жылдың соңында Қазақстан тарапымен келісілмеген. Себебі, оларды жүзеге асыру 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісім-шартында қарастырылмаған зымыран-тасығышының бөлінетін бөлігінінің жаңа құлау аймағын пайдалануды қажет етеді. Бұл жөнінде ресей тарапы уақытылы хабардар етілген.
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, зымыран-тасығышының бөлінетін бөлігінінің жаңа құлау аймағы ретінде пайдалануға жер учаскесін бөлу үшін Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім шарт жасалуы тиіс.
2008 жылы тараптар тиісті үкіметаралық келісім жобасын дайындау жұмыстарын бастаған болатын, алайда бүгінгі күнге дейін Келісім мәтіні бірауыздан келісілген жоқ.
Ағымдағы жылдың 25 мамырында дипломатиялық арналар арқылы ресей тарапынан түскен Келісім жобасы 2011 жылдың соңында Тараптардың сарапшыларымен келісілген Келісім жобасынан мүлдем айрықша. Осыған байланысты, Келісім жобасы қазақстандық тараптың қосымша пысықтауын, сондай-ақ жобаны Ресей тарапымен қайта келісуді қажет етеді.
 
Қазғарыш баспасөз қызметі
 

15 мамырда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан транспорттық басқарылатын кеме «Союз ТМА-04М» бүгін Астана уақытымен сағат 10:35 минутта ХҒС-тың «Поиск» зерттеу модуліне түйісті.
Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, ғарыш кемесі мен модуль арасындағы герметикалық түйісуді төрт сағатқа созылған тексерістен кейін ауыспалы люктарды ашу жоспарлануда. Бұдан кейін Геннадий Падалка (Роскосмос), Сергей Ревин (Роскосмос) және Джозеф Акаб (НАСА) құрамындағы «Союз ТМА-04М» экипажы ХҒС-қа көшеді.
Люктерді ашқаннан кейін ХҒС-қа негізгі экспедицияның нөмірі 31/32-ге өзгереді және экипаждың құрамы алты адамнан тұрады: командир Олег Кононенко, бортинженерлер Геннадий Падалка и Сергей Ревин (Роскосмос),  Дональд Петтит және Джозеф Акаба (НАСА), Андрэ Кауперс (ЕКА).
ХҒС 123 күн (2012 жылғы 17 мамырдан 17 қыркүйекке дейін) өткізетін жаңа экипаждың ұшу бағдарламасы бірнеше ғылыми эксперименттерден басқа «Прогресс М-16М» ресейлік транспорттық жүк кемесі, HTV-3 «Конотори-3» жапон жүк кемесі, ATV-3 «Эдоардо Амальди» еуропалық жүк кемесі,  Space-X «Dragon» американдық жүк кемесі енеді.
«Союз ТМА-04М» экипажының ең тәжірибелісі Генадий Падалка, ол ғарышқа үш рет                 (1998 жылы - «Мир» станциясына, 2004 және 2009 жж. - ХҒС) ұшты. Ғарышкер үш ұшуда 585 тәуліктен астам уақыт болды. Ашық ғарышқа сегіз рет шықты. Джозеф Акабаның ғарыш карьерасында 2009 жылы STS-119 шаттлында бір ұшуы бар. Сергей Ревин үшін бұл бірінші ғарышқа ұшу.
Қазақпарат/ Сара Нұрғалиева
17.05.12

Бүгін түнде Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Нимик-6» телекоммуникациялық ғарыш аппараты нысаналы орбитаға шығарылды.
Бүгін, 18 мамырда Астана уақытымен сағат 01:12 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 81-старттық кешен алаңынан «Бриз-М» екпіндеткіш блогымен «Протон-М» ғарыш бағытындағы зымыран және «Нимик-6» ҒА ұшырылды.
Старттан кейінгі тоғыз сағат өткен соң, екпіндеткіш блогынан ғарыш аппаратының ажырауы болды. «Нимик-6» ғарыш аппараты нысаналы орбитаға шығарылды, содан кейін ғарыш аппаратын басқару ұшыруға тапсырыс бергендерге тапсырылды.
«Нимик-6» канадалық ғарыш аппараты жоғары дәлдікті тікелей телевизиялық спутниктік хабар тарату форматындағы қызметті ұсынуға арналған.
Екпіндеткіш блогы «Бриз-М» және «Протон-М» зымыран-тасығышы М.В. Хруничев атындағы ресей мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығында әзірленген және дайындалған.
 
Қазақпарат/ Нұрғалиева Сара
18.05.12

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы АҚ делегациясы («ҚҒС» ҰК» АҚ) жұмыс сапарымен Красноярск қаласында болып қайтты. Онда М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ («АСЖ») өкілдерімен келіссөз жүргізді.
Қазақстан мамандарын жетекші ресейлік кәсіпорын негізінде оқыту жобалау бойынша оқыту материалдарын тарату, құрастыру, телекоммуникациялық спутниктерді жинау және сынау «АСЖ» ААҚ пен «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ («РҒБО» АҚ) арасындағы «Казсат-3» ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату жер серігін құруға және ұшыруға арналған келісімшарт негізінде қарастырылған.
«ҚҒС» ҰК» АҚ-тың персоналмен жұмыс бойынша басқарма бастығы, аппарат басшысының орынбасары Айбар Қабдоллановтың айтуы бойынша аталған сапардың мақсаты оқыту бағдарламасын әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы келісу және «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандарын оқытуға арналған келісімшартты дайындау болып табылады.
Қазақстанның ғарыш саласына кадрларды даярлау бойынша келіссөздерге персоналды басқару бойынша бас директордың орынбасары Сергей Кукушкиннің басшылығымен М.Ф. Решетнев атындағы «АСЖ» ААҚ-тің өкілдері, сондай-ақ Сібір мемлекеттік аэроғарыш университетінің (СМАУ) халықаралық ынтымақтастық және қосымша білім беру жөніндегі проректоры Анна Ворошилова, СМАУ біліктілігін арттыру және мамандарды қайта даярлау факультетінің деканы Виктор Журавлев қатысты.
«ҚҒС» ҰК» АҚ-тың консультанты Айдар Қуатбаевтың айтуы бойынша қол қойылған екіжақты келісім жобасында мамандарды даярлаудың үш кезеңі белгіленген:
1) ұшу ғарыш аппараттарын жалпы жобалау бойынша теориялық курсы;
2) «Казсат-3» жер серігі жүйесі бойынша оқыту;
3) «Казсат-3» ҒА ішкі ықпал етуге арналған электрикалық сынау және сынауда бақылаушы ретінде қатысу.
«ҚҒС» ҰК» АҚ пен М.Ф. Решетнев атындағы «АСЖ» ААҚ арасындағы келісімге сәйкес 12 қазақстандық маман 2012 жылдың қыркүйегінде оқуға кіріседі. Бұған қоса, СМАУ-дың ғарыш технологиялары бойынша ең үздік оқытушылары Астана қаласына келіп, алғашқы теориялық курстарын өткізеді.
2013 жылдың басынан бастап, оқу Красноярск қаласында жалғасады, практикалық сабақ М.Ф. Решетнев атындағы «АСЖ» ААҚ кәсіпорындарында өтеді.
«ҚҒС» ҰК» АҚ-тың президенті Ғабдоллатиф Мырзақұловтың айтуы бойынша компания кадрларды даярлау мәселесіне баса назар аударады. Қазіргі таңда оқуға кандидаттарды іріктеу басталды. 160-қа жуық адам ғарыш технологиясы бойынша компанияда жұмыс істеуге және оқуға ықыластарын білдірді.
«Конкурс өте қатаң түрде өткізілуде, Тулуза мен Гилфордта EADS Astrium француз компаниясы – стратегиялық серіктесінің кәсіпорындарында 40 адамнан құралған екі топты құрастыру үшін 1100 үміткермен жұмыс істедік. Біздің алдымызда өте жауапты міндет тұр, ғарыш техникасын құрастырушылардың бірінші қазақстандық буынын дайындау, кәсіби инженер-сынаушылардың санын арттыру» - деді ол.
Қазақпарат/ Сара Нұрғалиева
24.05.12

Бүгін Қазғарыш басшылығы АҚШ Мемлекеттік хатшысы ғарыш және қорғаныс саясаты бойынша көмекшісінің орынбасары Фрэнк Роузбен, сондай-ақ АҚШ-тың қарулануды бақылау бойынша тексеру және сақтау бюросының, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында америка тарапы Қазақстан Республикасының ғарыш саласының даму барысымен танысты, сонымен қатар ғарыш қызметі саласындағы қазақстан-америка ынтымақтастығының жағдайы мен болашағына қатысты мәселелерді талқылады.
Қазғарыш баспасөз қызметі
17.05.12

Беттер