Қазақстан мамандары Францияда геоақпараттық технологиялар бойынша тәжірибеден өтті

Қазақстан мамандары Францияда геоақпараттық технологиялар бойынша тәжірибеден өтті
«Қазақстан Ғарыш Сапары» (ҚҒС) АҚ-ның бір топ мамандары Тулузы қаласынан келді, ол жерде мамандар Astrium Geo-information Services (Франция) компаниясында екі апталық оқу семинарларынан өтті.
Топ жетекшісі, жерүсті кешендері бас орталығының директоры, профессор Оңғарбек Әліпбеки хабарлағандай, ҚҒС-ның сегіз қызметкері Қазақстан және Орталық Азия аумағында Spot-4, 5, Formosat-2, Kompsat-2, TerraSAR-X, TanDEM-X серіктерімен оптикалық және радарлық мәліметтерді тарату бойынша оқудан өтті.
Қазақстан мамандары ауыл шаруашылығы, экология, картография, мұнай және газ, төтенше жағдайлар мониторингі сияқты әртүрлі салаларда жерді алыстан алдын ала байқау мәліметтерін қолдайтын француз компанияларының тәжірибелерімен таныс болды.
Тәжірибе мерзімінің соңында ҚҒС компаниясының мамандарына «Welcome Training» оқу семинарын ойдағыдай өткендігін қуаттайтын сертификаттар табыс етілді.
03.03.2011
ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

Қазақстандық мамандар БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі кіші комитетінің жұмысына қатысты

Қазақстандық мамандар БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі кіші комитетінің жұмысына қатысты
Қазақстан   делегациясы    Венада   өткен БҰҰ-ның  Ғарыш  кеңістігін бейбіт мақсаттарда  пайдалану  жөніндегі   комитеті   ғылыми-техникалық  кіші   комитетінің  48-сессиясының мәжілісіне қатысты.
Қазақстандық   делегацияның  құрамына  Қазақстанның Австриядағы  елшілігі мен  «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының   қызметкерлері кірді.
БҰҰ-ның  Ғарыш  кеңістігін бейбіт мақсаттарда  пайдалану   жөніндегі комитеті     ғылыми-техникалық және заңгерлік  кіші комитеттерден  тұрады.   Қазғарыш  мамандары     алғаш рет былтыр заңгерлік  кіші комитеттің   жұмысына  қатысса,  биыл - ғылыми-техникалық кіші комитеттің     жұмысына  атсалысып отыр.
«Қазақстан Ғарыш  Сапары»   ұлттық  компаниясының   бірінші вице-президенті,    қазақстандық делегацияның  жетекшісі Марат  Нұрғожин     компанияның    негізгі  жұмыс  бағыты мен    жүзеге асырып жатқан жобалары  туралы баяндама  жасады.  Қазақстандық делегация  мүшелері      сондай-ақ   Қазақстанда Жерді    қашықтықтан зондтаудың ғарыштық  жүйесінің жиіліктеріне  өтініш беру мәселесі  бойынша халықаралық электробайланыс  одағының - ITU - өкілдерімен  консультациялар  өткізді.
М.Нұрғожиннің  пікірінше,     қазақстандық  өкілдер  COPUOS  комитетінің жұмысына  белсенді    атсалысуы  керек.  «Атап айтқанда,     біз үшін ғарыш  саласына арнап кадрлар  дайындау  тәжірибесі,  Қазақстанда   телемедицина мен   телебілім беру  жүйесін    дамыту   үшін  спутниктік технологияларды  қолданудың мүмкіндігі  аса  өзекті», - дейді    ол.
2011  жылы 1-10 маусым  аралығында  Венада     COPUOS  комитетінің  54  мәжілісі  өтеді, Қазғарыштың  өкілетті  делегациясы     оның жұмысына да қатыспақ.
 
02.03.2011 / 11:01
ҚазАқпарат  /Сара Қабиқызы/
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Казахстанские специалисты приняли участие в работе подкомитета ООН по использованию космического пространства в мирных целях
Делегация Казахстана приняла участие  в заседании 48-ой сессии научно-технического подкомитета Комитета ООН по использованию космического пространства в мирных целях, которое состоялось в Вене.
В состав казахстанской делегации вошли сотрудники Посольства Республики Казахстан в Австрии и АО «Национальная компания Қазақстан Ғарыш Сапары».
Комитет ООН по использованию космического пространства в мирных целях (COPUOS) состоит из научно-технического и юридического подкомитетов. В прошлом году специалисты Казкосмоса впервые приняли участие в работе юридического, в этом году - научно-технического подкомитета.
С докладом об основных направлениях деятельности и проектах АО «Национальная компания  Қазақстан Ғарыш Сапары» на заседании научно-технического подкомитета выступил первый вице-президент компании, руководитель казахстанской делегации Марат Нургужин.
Как рассказали участники заседания, все 70 государств-членов COPUOS активно используют данные глобальной навигационной спутниковой связи (ГЛОНАСС), дистанционного зондирования земли (ДЗЗ) для развития экономики и жизнеобеспечения граждан. Наиболее востребованы в мировой практике данные ДЗЗ в прогнозе и анализе стихийных бедствий, наводнений, землетрясений, аварий техногенного характера. Ведутся исследования по снижению воздействия космического мусора, прогнозирования столкновений космических объектов с землей. Исследуется влияние космической погоды и космического климата на космические аппараты и объекты на земле.
Члены казахстанской делегации в рамках работы COPUOS провели консультации с представителем международного союза электросвязи ITU по вопросам заявки частот на космическую систему дистанционного зондирования Земли РК.
По мнению М. Нургужина, необходимо активизировать участие казахстанских представителей в работе COPUOS. «В частности, для нас актуален опыт подготовки кадров для космической области, возможность применения спутниковых технологий для развития телемедицины и телеобразования в Республике Казахстан», - сказал он.
С 1 по 10 июня 2011 года в Вене состоится  54-ое заседание Комитета COPUOS, в работе которого планирует принять участие представительная делегация Казкосмоса.
 
02.03.2011
КАЗИНФОРМ /Сара Кабикызы/

 

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы жылдың ғарыш бағдарламасын «Зенит-3SБ» зымыранын ұшыраудан бастайды

«Байқоңыр» ғарыш айлағында 2011 жылдың алғашқы ұшырылымына дайындық аяқталуда, Қазақпарат хабарлайды.
«Фрегат-СБ» қозғалту блогы мен «Электро-Л» ресейлік ғарыш аппараты бар «Зенит-3SБ» ғарыштық мақсаттағы зымыраны ғарыш айлағының №42 монтаждық-сынау корпусынан шығарылып, Байқоңыр ұшыру алаңының 45-кешенінде орналастырылуда.
Мұндай шешім әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және коммерциялық мақсаттағы ұшыру сынақтарын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия мен ғарыш аппараттарын шығару құралдарының ұшыру сынағынан өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия тарапынан қабылданды.
Зымыранды ұшыру құрылғысына орналастырғаннан кейін Ресей мен Украинаның зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары бірінші ұшыру күнінің бағдарламасын дайындауға кірісіп кетті.
«Фрегат-СБ» қозғалту блогы мен ресейлік «Электро-Л» метеорологиялық жер серігі бар «Зенит-3SБ» ғарыштық мақсаттағы зымыранын ұшыру 2011 жылдың 20 қаңтарына Астана уақыты бойынша 18 сағат 29 минутқа жоспарланып отыр.

2011 жылғы 6 – 7 қаңтар

Астана қаласы

Юрий Гагариннің бірінші болып ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына арналған
«ғАРЫШ АДАМЗАТТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН – БОЛАШАҚҚА КӨЗ САЛУ»
халықаралық конференциясы
 
 
Баспасөз хабарламасы
2011 жылғы 6-7 қаңтарда Астана қаласында Юрий Гагариннің бірінші болып ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына арналған «Ғарыш адамзаттың игілігі үшін – болашаққа көз салу» атты халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шара Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бірінші Президент залында өтеді.
Конференцияның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы және  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Конференцияның басты мақсаты адамзаттың ғарышқа алғаш рет ұшуына 50 жыл толуын және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың мерейтойын тойлау, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттердің ғылым, білім, өндіріс, коммерциялық, өзара әрекеттесудің ең тиімді жолдарын табуда ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.
Конференция барысында түрлі өзекті тақырыптар бойынша пленарлық, секциялық және стендтік баяндамалар жасалады: ұлттық ғарыш орталығы – Қазақстан ғарыш индустриясының негізі, зымырандық және спутниктік технология, экология және қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, кадрларды даярлау, ғарыштық ғылым (қолданбалы және іргелі зерттеулер), адамзат игілігіне арналған ғаламдық ғарыштық жобалар, биология және медицина, сейсмология және т.б.
Конференция жұмысы аясында «Ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстелді өткізу жоспарланып отыр.
Конференция жұмысы үш секцияда өтеді, олар: XXI ғасыр зымыран-ғарыштық техникасы және ғарыштық технологиясы, ғарыштық ғылыми зерттеулер және эксперименттер, ғарыштық материалтану және аспап жасау.
Конференция жұмысына Қазақстанның, Ресейдің, Францияның, Германияның, Украинаның, Жапонияның ұлттық ғарыш агенттіктерінің, ғарыш саласындағы кәсіпорындарының, конструкторлық бюросының, жоғары оқу орындарының, академиялық институттары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық, «Нұр Отан» ХДП       өкілдері, сонымен қатар ғарышкерлер, оның ішінде Т. Мұсабаев экипажы мүшелері шақырылады.
Қазақстанның ғарыш саласын дамыту Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басымды бағыты болып табылады.
 

  • Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей батыры, бірінші дәрежелі ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың              60 жас мерейтойына байланысты құттықтау болады.

 
Конференцияның ашылуы: 2011 жылғы 6 қаңтар, сағат 10.00-де
 
Қатысушыларды тіркеу: 2011 жылғы 6 қаңтарда 8-30-дан 09-30-ға дейін
 
Аккредиттелген БАҚ өкілдері конференцияның ашылуына шақырылады.
 
БАҚ-тың аккредитациядан өтуі:
«ҰҒЗТО» АҚ баспасөз қызметінің телефоны: +7 727 385 49 36, +77017551451
факс: +7 727 293 88 20
e-mailinfo-nckit@yandex.ruinfo-nckit@spaceres.kz/ URL:  http://www.spaceres.kz/
 
ҚР ҰҒА Баспасөз қызметнің телефоны(7172) 74 25 37

 

 

Ғарыш кеңістігіндегі ғарышкерлер Жаңа жылды 16 рет қарсы алды

2011 жыл толып кеткен уақыт белдігін 16 рет кесіп өткен Халықаралық ғарыш стансасы (ХҒС) Жаңа жылды 16 рет қарсы алды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Алғаш рет Жаңа жылды атап өту 31 желтоқсанда сағат 14.00-де, ал соңғы рет 1 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша 13 сағат 00 минутте орын алды.
Дәстүр бойынша ХҒС Жаңа жылды үш рет қарсы алады - Ресей және Америка ҰБО уақытымен, сонымен қатар станса бортында қолданыста жүрген гринвич уақыты бойынша.

 

 

2010 жылы зымырантасымалдағыштар ұшыру саны бойынша Ресей көшбасшы орында келеді – Ресейғарыш

2010 жыл бойына әлемде түрлі мақсаттағы зымыран-тасымалдағыштың 74 рет ұшырылуы болды, оның 31-і Ресейдің үлесінде, деп атап өтті Қазақпарат.
Үстіміздегі жылға келтірілген ғарыштық ұшырулардың кестесі бойынша АҚШ пен Қытай зымырантасымалдағыштың 15 ұшырылымын жүзеге асырса, Еуропа елдері - 6, Үндістан - 3, Жапония - 2, Оңтүстік Корея мен Израиль - 1 ұшырылым жасаған.
М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік зымырантасымалдағыш ұшырылуының 31-інің 15-і М.Хруничев атындағы ғарыш орталығының зымырантасымалдағыштарының көмегімен жүзеге асырылған.

Беттер