«Байқоңыр» кешенін пайдалану бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін қазақстан-ресей жұмыс тобының бірлескен отырысы

Ағымдағы жылғы 14-15 наурызда Қазғарышта «Байқоңыр» кешенін пайдалану бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен құралған қазақстан-ресей жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті.
Аталған отырыста Қазақстан ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Е. Шаймағамбетов пен Ресей ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары С. Савельевтің басшылығымен Қазғарыш пен Роскосмос арасындағы 2012 жылға арналған «Байқоңыр» кешенін пайдалану жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары қарастырылды және келісілді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыштық жобаларды іске асыруда Қазақстанның қатысуымен байланысты мәселелермен қатар, ғарыш саласындағы мамандарды даярлау, «Байқоңыр» кешенінің мүлкін, оның ішінде туризм үшін пайдалану және  инфрақұрылымды дамыту мәселелері қарастырылды.
 
Қазғарыштың баспасөз қызметі
16.03.12

Қазғарышта үстел теннисі бойынша жарыс өтті

2012 жылғы 25 ақпанда Қазғарыштың құрылғанына 5 жыл толуын мерекелеу шеңберінде «Думан» қонақ үйінің теннис орталығында (Астана қ.) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының жүлдесіне Агенттіктік орталық аппараты қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша жарыс өтті. Барлығы жарысқа 16 қызметкер қатысты.  Жеңімпаздар:
I орын – Б.Н. Қазиев, Ғарыштық жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры;
II орын – Н.Х. Толпақов, Әкімшілік-қаржы департаменті директорының орынбасары;
III орын – Ж.С. Жүсіпбеков, Ғарыштық жобаларды сүйемелдеу департаментінің қызметкері.
 
Қазғарыштың баспасөз қызметі
29.02.12

Бүгін таң алдында Байқоңырдан кезекті ғарыш кемесі ұшырылды

«Союз» ғарыш кемесі Халықаралық Ғарыш Станциясына үш ғарышкерді жеткізетін болады. Олардың бірі Ресейлік космонавт Сергей Волков, АҚШ ғарыш агенттігі НАСА-ның астронавты Майкл Фоссум және жапониялық ғарышкер Сатоши Фурукава. Бұл топ ғарыштағы станцияда қараша айының ортасына дейін кезекшілік атқаратын болады. Оларды ғарыштағы қазіргі топ, яғни, НАСА астронавты Рон Гаран мен ресейлік космонавтар Андрей Борисенко және Александр Самокутаев қарсы алатын болады. Ғарышқа енді аттанып отырған топ тарихи сәттің куәсі болады. Олар шілде айында АҚШ-тың шаттл үлгісіндегі Атлантис кемесін қарсы алмақ. Бұдан кейін көп ретті пайдаланылатын ғарыш кемелері шаттлдар ғарышқа ұшырылмайды және олардың 30 жылдық қызметі тамам болады. Америкалық ғарышкерлер Фоссум мен Гаран шаттлдың соңғы сапарында басты роль атқарады делінеді. Айта кетер жайт, бұл жолы Байқоңырдан көкке самғаған «Союз» ғарыш кемесі осындай ғарыш кемелерінің жаңартылған үлгісінің екінші рет ұшырылуы.
 

Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экипаж аттанды

8 маусым түнде  Астана уақыты  бойынша 02 сағат 12 минут 45 секундта  «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ғарыш  экспедициясы аттанды.
Экипаж құрамына  кіргендер:   кеме командирі,   ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер - американдық астронавт Майкл Фоссум  және  жапон астронавты Сатоши Фурукава.
Ұшу сапарларын басқару  орталығынан  хабарлағандай,  сағат  02.21-де,    зымырантасымалдағыштың  үшінші    сатысы   штаттық  режимде ажырағаннан  кейін ғарыш  кемесі есептелген орбитаға  шықты.
«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,  «Союз ТМА-02М»  ғарыш кемесі  Халықаралық ғарыш стансасымен   10 маусым күні   мәскеу уақыты  бойынша  01.22-де түйіседі.   Стансада  қазір жұмыс істеп  жатқан  ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко мен  Александр Самокутяев  және  американдық  астронавт  Рональд Гаран  жаңа экипажды қарсы алуға   әзірленуде.
 
08.06.2011
ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс М-11М» жүк кемесі ұшырылды

21 маусым күні кешке, Астана уақыты  бойынша   20.38-де    «Байқоңыр» ғарыш айлағынан   «Союз-У» зымырантасымалдағышымен   «Прогресс М-11М» жүк   кемесі    ұшырылды.
Зымыранның  ұшу сапары  штаттық бағдарлама  бойынша  өтті. Оны ұшырумен байланысты  ықтимал     салдарларды   жою  үшін,   сағат  18.38  бен  21.38-дің  аралығында   Қарағанды, Қызылорда, Павлодар   және Шығыс Қазақстан облыстарының  төтенше жағдайлар   қызметтері    күшейтілген   режимде  жұмыс істеді.
22.06.2011
ҚазАқпарат

Қазғарыш пен Роскосмос «Қазсат-3» ғарыш спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойды - Ле Бурже

Қазғарыш пен Роскосмос «Қазсат-3» ғарыш спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойды - Ле Бурже Ле Буржеде өтіп жатқан 49-шы авиағарыш салонының аясында Қазақстанның Республикалық Ғарыш байланысы орталығы мен Ресейдің Решетнев атындағы Ақпараттық спутник жүйесі» компаниясы қазақстандық «Қазсат-3» спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің жетекшісі Владимир Поповкиннің қатысуымен өтті. Талғат Мұсабаев Роскосмостың жаңа басшысымен бірінші кездесу табыс өткенін атап көрсетті. Ұлттық ғарыш агенттігі делегациясы сапар аясында Германия ғарыш агенттігінің өкілдерімен кездесулер өткізді, Франция ғарыш агенттігі мамандарымен келіссөздер өткізді. Қазғарыш басшысының айтуынша, Ле Бурже авиағарыш салонына қатысу -әлемдік авиация мен космонавтика саласының жаңа жетістіктерімен танысу ғана емес, сонымен бірге барлық әріптестерімен кездесу және жаңа жоспарлар белгілеу. 22.06.2011 ПАРИЖ. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

Беттер