Ле Буржеде қазақстандық «ҚазСат-3» спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойылады

Қазғарыш төрағасы  Талғат  Мұсабаев бастаған  Ұлттық ғарыш  агенттігінің делегациясы  Ле Бурже  авиағарыш салонына қатысу  үшін  Парижге келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.
Бүгін  қазақстандық делегация  көрменің ашылу  рәсіміне  қатысады,    әр  елден  келген  әріптестерімен   бірқатар келіссөздер өткізеді.  Қазғарыш  мамандары атап айтқанда,    украиналық  әріптестерімен  кездесіп,   ғылыми  мақсаттағы спутник  ұшыру жөніндегі   жобаны   жүзеге асырудың барысын  талқылайды.
Ғарыш  саласындағы  қазақстан-француз   ынтымақтастығына  да  айрықша  назар  аударылады.   Естеріңізге сала  кетейік, осыдан  үш жыл бұрын Қазақстан мен Франция жоғары мемлекеттік  деңгейде ғарыш  саласын   игеру бағытында стратегиялық   серіктестік  туралы  келісім  жасаған    болатын.  Бүгінде  «Қазақстан  Ғарыш  Сапары» Ұлттық компаниясы мен  француздың EADS Astrium  компаниясы  екі  үлкен  ғарыш  жобасымен айналысуда.  Қазғарыш басшысы  Талғат  Мұсабаевтың атап көрсетуінше, Ле Буржеде  осы аралықта  атқарылған   бірлескен  жұмыстың  кейбір  қорытындылары  шығарылмақ.
Сондай-ақ   көрменің   алғашқы күні Қазғарыш  пен  Роскосмос  агенттіктері  спутниктік жүйе саласындағы жаңа маңызды  бір қадам жасайды деп күтілуде.    Белгілі болғандай,   ресейлік «Решетнев атындағы   Ақпараттық   спутниктік  жүйе»   компаниясы    мен қазақстандық    республикалық  Ғарыш  байланысы   орталығы  «Қазсат-3»    спутнигін  жасау және ұшыру     туралы келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
ПАРИЖ. 20 маусым.  ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

«ҚазСат-2» спутнигімен бірге ұшырылатын американдық «SES-3» аппараты Байқоңырға жеткізілді

Ағымдағы жылдың 9 маусымында   «Байқоңыр» ғарыш  айлағының «Юбилейный»   аэродромына   «Руслан»   Ан-124    ұшағы келіп қонды,
ұшақ   Ульяновскіден   американдық «SES-3»    телекоммуникациялық  спутнигін   жеткізді,   деп    хабарлады   Ресейғарыш  агенттігінің баспасөз қызметінен.
Жүк   кедендік тексеруден өткізілген кейін,   ғарыш аппараты  мен  қосалқы бөлшектер салынған    контейнерлер   теміржолмен  айлақтың 92А-50   алаңына  жеткізілді.    Онда   «SES-3»  аппаратын орбитаға  ұшыру  дайындықтары  жүргізіледі.
Бұған дейін   хабарлағандай, «SES-3»   аппараты      орбитаға  қазақстандық  «ҚазСат-2»     спутнигімен бірге  ұшырылады.  «ҚазСат-2»      Байқоңырға 30  мамыр күні жеткізілген,  қазір ол  жоспарлы  дайындықтан  өткізілуде.
Қазақстандық және  американдық  спутниктерді  орбитаға алып шығатын  «Протон-М» зымырантасымалдағышының сапары   10 шілдеге  белгіленген.
10.06.2011 / 08:03
ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

Қазғарышта Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтті

Ұлттық  ғарыш  агенттігі  мен  оның  ведомстволық   ұйымдарында    Мемлекеттік  рәміздер күніне арналған  салтанатты іс-шаралар  өтті.
Мемлекеттік  рәміздердің  әрбір  қазақстандықтың жүрегінде алатын    орнына   тоқталған   Ұлттық  ғарыш агенттігінің  жауапты  хатшысы Ерғазы Нұрғалиев,    ғарыш  саласының мамандары    еліміздің   жалауын  әрқашан биік  ұстаулары  керек екенін атап көрсетті. «Біздің жұмысымыз  және    ғарышқа  алғашқы     қазақстандық жалауды     Қазғарыш төрағасы  Талғат Мұсабаевтың алып шығуы   бізді  осыған  міндеттейді»,  - деді Е.Нұрғалиев  өз сөзінде.
«Қазақстан  Ғарыш  сапары» Ұлттық  компаниясының  қызметкерлері    «Қазақ  мемлекеттілігінің     рәміздерінің  тарихынан»   деген тақырыптағы ақпараттық-танымдық  бағдарламаға   қатысты,  егемен  Қазақстанның мемлекеттік  рәміздері  туралы   дәрістер  тыңдады.    Сондай-ақ бүгінгі атаулы  мерекеге   және   өткен Балаларды  қорғау күніне орай  балалар суреттерінің  «Ғарыш - балалардың көзімен»   атты көрмесі     ұйымдастырылды.
«Біз   шын мәнінде   ғарышты балалардың көздерімен  көрдік,  ол    көңіл қуантатын   ғажайып  және   ерекше әлем», -  дейді      көрмеден алған әсерімен  бөліскен  «Қазақстан  Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының бірінші вице-президенті Марат Нұрғожин.
Суреттердің барлық  авторлары     жүлделермен атап  өтілді.  Конкурсты  ұйымдастырушылар     балалардың  үздік суреттерін    компанияның келер жылғы        фирмалық  күнтізбесінде   жарияламақ.
04.06.2011
ҚазАқпарат  /Сара Қабиқызы/

«Байқоңыр» ғарыш кешені туған күнін тойлауда

«Байқоңыр» ғарыш кешені туған күнін тойлауда
Бүгін  Байқоңыр  қаласының   және  «Байқоңыр» ғарыш  кешенінің  туған  күні,  олардың   іргелерінің  қаланғанына   - 56 жыл.
Әлемдегі        тұңғыш  ғарыш  айлағының  тарихы 1955  жылдан басталады.   КСРО Үкіметінің   1955 жылғы 12  ақпандағы  қаулысымен     құрлықаралық   баллистикалық зымырандардың сынағын  өткізу  үшін полигон  салу  туралы шешім қабылданып, сол  жылы 2 маусымда   Кеңес Армиясының   Бас  штабы   полигонның   ұйымдастыру-штаттық құрылымын бекіткен    болатын. Кейіннен   Байқоңыр     қаласы  мен ғарыш айлағының    құрылғаны күні  ретінде  дәл осы    күн белгіленді.
Бүгін   Байқоңырдағы салтанатты шаралар      қаза  болған зымыраншы-жауынгерлердің  мемориалына гүл шоқтарын  қоюдан  басталды.  Одан кейін     қала әкімшілігі  басшысының  орынбасары Анатолий Петренко «Онжылдық»   стадионында      «Байқоңыр қаласының  құрметті азаматы» атақтарын  табыс  ету рәсімін  өткізді.   Ғарыш айлағының  56 жылдығы күні  «Байқоңыр   қаласының  құрметті азаматы» атағына екі  әйел  -    қала   және    ғарыш айлағының  ардагерлері ие болды.
 
Жақында ғана 70 жылдық  мерейтойын атап өткен  Халида Төлебайқызы  Кацук     өмірінің   жарты ғасырын  Байқоңырға  арнаған.  Мамандығы бойынша  мұғалім  болған  ол  кісі    Төретам   ауылдық  кеңесінің алғашқы төрайымдарының бірі,   ұзақ жылдар   бойы   Қазақстан  мен  Ресейдің  жергілікті мемлекеттік  органдарында еңбек еткен.
Байқоңырдың  еңбек сіңірген   мұғалімі  Роза Иосифовна Сонис  -    үздік математиктердің   бірнеше буынын тәрбиелеген   ұлағатты  ұстаз,   ол  кісі бүгінгі   мерейтойға  Ресейден  арнайы келді.
Мерекелік  іс-шаралар  кешке      өнер ұжымдарының концертімен жалғасады.
02.06.2011 / 18:44
ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

«Протон» ресей зымыраны «Телстра-14Р» американдық байланыс серігін орбитаға шығарды

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Байқоңырдан ұшырылған «Телстар-14Р» ғарыш аппараты қажетті орбитаға шығарылды.
М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, зымыранды шығару бағдарламасына сәйкес орбиталық блок  («Бриз-М» блогына орнатылған «Телстар-14Р» ғарыш аппараты) зымыранның үшінші сатысынан ажырады және жеке ұшуды бастады.
Ресейғарыш өкілдерінің хабарлағанындай, ғарыш аппаратының «Бриз-М» блогынан ажырауы есептелген уақытқа сәйкес, яғни мәскеу уақытымен 8 сағат 28 минутта жүзеге асты
21.05.2011
ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/

Разгонный блок для спутника «КазСат-2» перевозят на заправочную станцию

Байқоңырда «Қазсат-2» спутнигін ұшыруға әзірлік жүріп жатыр
«Байқоңыр»  ғарыш айлағында  «Қазсат-2»   қазақстандық спутнигін ұшыруға  әзірлік  жалғасуда.
Бұдан бұрын хабарлағандай,  ғарыш  аппараты      айлаққа   30 мамыр күні  жеткізілген  болатын.
«Южный»    ғарыш орталығының баспасөз қызметінен     хабарлағандай,  ғарыш аппараты жеткізілген күннің ертеңіне    контейнерден     шығарылып,     ғарыш айлағының  92А-50 алаңындағы   құрастыру-сынақ корпусындағы    жұмыс орнына  орнатылған.  Қазір  сол  жерде    спутниктің  электр желілері  сынақтан өткізіліп  жатыр.
«Қазсат-2» және  SES-3 (OS-2)  спутниктері  орнатылған  «Протон-М»   ғарыш    зымыраны     алдағы   шілде айында  ұшырылады деп  жоспарланып  отыр.
«Қазсат-2»   20 ретранслятормен жарақталған,   оның   16-сы - белсенді,   төртеуі -   резервтік.    Оның салмағы -  1330 келі  және   ол   геостационарлық орбитада   12 жыл жұмыс істеуі  керек.
Ал  американдық телекоммуникациялық  SES-3 (OS-2)  спутнигін  SES Americom операторының  тапсырысы  бойынша   Orbital Sciences Corporation  компаниясы  дайындаған.  3  тоннадан  астам салмағы  бар ол  спутникке  С-диапазонды  24 транспондер,   Ku-диапазонды  24 транспондер орнатылған.    Бұл ғарыш аппараты  геостационарлық орбитада  15 жылдан кем жұмыс істемейтін болады.
ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/
02.06.2011

Беттер